Кезектен тыс сайлау пропорционал және мажоритар жүйе арқылы өтіп жатыр. Мәжілістің 69 депутаты (70 пайызы) партиялық тізіммен, ал 29 (30 пайызы) депутат бірмандатты округтер бойынша өзін-өзі ұсыну жолымен сайланады.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр?
![Шымкент қаласындағы №233 сайлау учаскесінде дауыс беру басталар алдындағы дайындық. 19 наурыз, 2023 жыл.](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-551a-08db281a7364_w1024_q10_s.jpg)
1
Шымкент қаласындағы №233 сайлау учаскесінде дауыс беру басталар алдындағы дайындық. 19 наурыз, 2023 жыл.
![Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7.00-де сайлау учаскесі ашылғаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ойналды. №233 сайлау учаскесі, Шымкент, 19 наурыз, 2023 жыл.](https://gdb.rferl.org/01000000-c0a8-0242-822c-08db281a7362_w1024_q10_s.jpg)
2
Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7.00-де сайлау учаскесі ашылғаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ойналды. №233 сайлау учаскесі, Шымкент, 19 наурыз, 2023 жыл.
![Астана қаласындағы №111 сайлау учаскесіндегі алғашқы дауыс берушілер. 19 наурыз, 2023 жыл.](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-340d-08db2817db7d_w1024_q10_s.jpg)
3
Астана қаласындағы №111 сайлау учаскесіндегі алғашқы дауыс берушілер. 19 наурыз, 2023 жыл.
![№233 сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері (оң жақта тұрғандар) мен байқаушылар (сол жақта отыр). Шымкент, 19 наурыз, 2023 жыл.](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-040b-08db281a8cf5_cx0_cy7_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
4
№233 сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері (оң жақта тұрғандар) мен байқаушылар (сол жақта отыр). Шымкент, 19 наурыз, 2023 жыл.
![Кезектен тыс сайлау пропорционал және мажоритар жүйе арқылы өтіп жатыр. Мәжілістің 69 депутаты (70 пайызы) партиялық тізіммен, ал 29 (30 пайызы) депутат бірмандатты округтер бойынша өзін-өзі ұсыну жолымен сайланады.](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-6673-08db281a8d00_cx0_cy35_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
5
Кезектен тыс сайлау пропорционал және мажоритар жүйе арқылы өтіп жатыр. Мәжілістің 69 депутаты (70 пайызы) партиялық тізіммен, ал 29 (30 пайызы) депутат бірмандатты округтер бойынша өзін-өзі ұсыну жолымен сайланады.
![Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс беріп тұр. 19 наурыз, 2023 жыл](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-115f-08db281f38e0_w1024_q10_s.jpg)
6
Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс беріп тұр. 19 наурыз, 2023 жыл
![Астана қаласындағы №111 сайлау учаскесіндегі байқаушылар. 19 наурыз, 2023 жыл.](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-873a-08db2817c271_w1024_q10_s.jpg)
7
Астана қаласындағы №111 сайлау учаскесіндегі байқаушылар. 19 наурыз, 2023 жыл.
![Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы №393 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Журналистер оған сұрақ қойып, жауап күткен еді. Бірақ Назарбаев бетін сипап тілек айтты да, сауалға жауап берместен кетіп қалды.](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-9687-08db2851325c_w1024_q10_s.jpg)
8
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы №393 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Журналистер оған сұрақ қойып, жауап күткен еді. Бірақ Назарбаев бетін сипап тілек айтты да, сауалға жауап берместен кетіп қалды.
![Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға дауыс беріп кеткенінен журналистердің көбі хабарсыз қалды. Тоқаев алдын ала хабарланған уақыттан екі сағат бұрын дауыс беріп кеткенін тілшілер кеш естіді. ](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-0f3b-08db2848cf92_w1024_q10_s.jpg)
9
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға дауыс беріп кеткенінен журналистердің көбі хабарсыз қалды. Тоқаев алдын ала хабарланған уақыттан екі сағат бұрын дауыс беріп кеткенін тілшілер кеш естіді.
![Елдің көп бөлігіндегі сайлау учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңертең сағат 7.00-де басталды. Уақыт айырмашылығына байланысты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 8.00-де басталды. Дауыс беру сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Сайлаушы тізімінде 12 миллионнан астам азамат бар.](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-54da-08db28211020_w1024_q10_s.jpg)
10
Елдің көп бөлігіндегі сайлау учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңертең сағат 7.00-де басталды. Уақыт айырмашылығына байланысты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 8.00-де басталды. Дауыс беру сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Сайлаушы тізімінде 12 миллионнан астам азамат бар.
![Облыстық, астаналық және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары да аралас жүйемен: жартысы партиялық тізіммен, қалған жартысы бірмандатты округтерден, ал аудандық және облыстық маңызы бар қала мәслихаттары тек бірмандатты округтер арқылы сайланады. ](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-f03d-08db2817c274_w1024_q10_s.jpg)
11
Облыстық, астаналық және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары да аралас жүйемен: жартысы партиялық тізіммен, қалған жартысы бірмандатты округтерден, ал аудандық және облыстық маңызы бар қала мәслихаттары тек бірмандатты округтер арқылы сайланады.
![Парламентте бұрыннан бар "Аманат", Қазақстан халық партиясы және "Ақ жол" партиясына қоса Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, "Ауыл", Respublica және "Байтақ" партиялары түсіп жатыр. Парламентке өту үшін партия бес пайыздық межені еңсеруі керек.](https://gdb.rferl.org/01000000-c0a8-0242-1b1d-08db2821101b_w1024_q10_s.jpg)
12
Парламентте бұрыннан бар "Аманат", Қазақстан халық партиясы және "Ақ жол" партиясына қоса Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, "Ауыл", Respublica және "Байтақ" партиялары түсіп жатыр. Парламентке өту үшін партия бес пайыздық межені еңсеруі керек.
![Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін жарияланғаннан бері осымен тоғызыншы рет парламент сайлап жатыр. Парламент сайлауының көбі кезектен тыс өткізілген.](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-33a8-08db28211015_w1024_q10_s.jpg)
13
Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін жарияланғаннан бері осымен тоғызыншы рет парламент сайлап жатыр. Парламент сайлауының көбі кезектен тыс өткізілген.
![Шымкенттегі №233 сайлау учаскесі орналасқан 72-мектеп, 19 наурыз, 2023 жыл](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-6389-08db282016b9_cx0_cy8_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
14
Шымкенттегі №233 сайлау учаскесі орналасқан 72-мектеп, 19 наурыз, 2023 жыл
![Мәжілістегі 29 орынға бірмандатты округтерден саяси бәсекеге түскен жүздеген кандидат таласып жатыр.](https://gdb.rferl.org/01000000-c0a8-0242-bc93-08db281a8cef_w1024_q10_s.jpg)
15
Мәжілістегі 29 орынға бірмандатты округтерден саяси бәсекеге түскен жүздеген кандидат таласып жатыр.
![Kazakhstan – an early parliamentary and maslikhats election. Shymkent, polling station #233, March 19, 2023](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-7851-08db281ba359_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
16
Kazakhstan – an early parliamentary and maslikhats election. Shymkent, polling station #233, March 19, 2023
![Kazakhstan – an early parliamentary and maslikhats election. Observers at polling station #233, Shymkent, March 19, 2023](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-e640-08db281d46b1_w1024_q10_s.jpg)
17
Kazakhstan – an early parliamentary and maslikhats election. Observers at polling station #233, Shymkent, March 19, 2023
![Саясаттанушылар Ақорда "жаңа Қазақстан" құруға уәде еткеніне қарамастан, сайлау науқаны ескі әдіс-тәсілмен өтіп жатыр дейді. Кандидат болуға өзін-өзі ұсынған ондаған адам түрлі сылтаумен, көбісі "сайлау декларациясындағы мәліметтер дұрыс емес" деген желеумен сайлаудан шеттетілді, арасында белсенділер, блогерлер, ғалымдар бар.](https://gdb.rferl.org/01000000-c0a8-0242-2e8f-08db2817c294_w1024_q10_s.jpg)
18
Саясаттанушылар Ақорда "жаңа Қазақстан" құруға уәде еткеніне қарамастан, сайлау науқаны ескі әдіс-тәсілмен өтіп жатыр дейді. Кандидат болуға өзін-өзі ұсынған ондаған адам түрлі сылтаумен, көбісі "сайлау декларациясындағы мәліметтер дұрыс емес" деген желеумен сайлаудан шеттетілді, арасында белсенділер, блогерлер, ғалымдар бар.
ПІКІРЛЕР