20 қарашада өтетін президент сайлауына алты кандидат тіркелді. Астана жұрты кандидаттар жайлы не дейді?
Бірі — қазіргі президент, бірнешеуі оны қолдайды және өзін оппозиция санайтын жалғыз адам. Алдағы президент сайлауы осындай құраммен өтпек. Президент болғысы келетіндер кім? Сайлауға түссе де, президент болғысы келмейтіндер кім? Қысқа шолу ұсынамыз.
20 қарашада өтетін президент сайлауына бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінген. Қаржының қалай, қайда жұмсалуын Орталық сайлау комиссиясы қадағалайды.
20 қарашада ОСК мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына Қарақат Әбденді кандидат ретінде тіркеді. Ол - кандидат куәлігін алған төртінші адам. Қасым-Жомарт Тоқаевты "үлкен саясаткер" деп мақтаған Әбден президент болса бақталасының саясатын жалғастыратынын айтады.
Ratel сайты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды қорына ақша аударуға кәсіпкерлерді мәжбүрлеп жатқаны туралы мақала жариялады. Мақаладағы мәліметті президент әкімшілігі де, оның сайлаудағы сенімді өкілі басқаратын "Аманат" партиясы да теріске шығарған жоқ әрі растамады да.
Сайлауда дауыс ұрлау, топтап тастау, нәтижені бұрмалау сияқты заң бұзушылықты анықтайтын бақылаушылар алдағы науқанға дайындықты бастап кетті. Олар "тәуелсіз бақылаушы неғұрлым көп болса, нәтиже де соғұрлым дәл шығады" дейді. Бірақ олардың қатарына қосылуға ниет білдіргендер әзірше көп емес.
"Ауыл" партиясы ұсынған Жигули Дайрабаевты Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) кандидат ретінде тіркеді. Бәскелесі Қасым-Жомарт Тоқаевты мақтауынан, төріне суретін іліп қоюынан өзі әбестік көрмейді.
Кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылғандардың алды ресми тіркеуден өтті. Кейбірі қатаң талаптарға сай келмей, Орталық сайлау комиссиясы құжаттарын кері қайтарды. Азаттық әзірге тіркелу процесіндегі тұлғалардың әлеуметтік желідегі парақтарын шолып шықты.
Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин бастаған топтың құжатын қабылдап алған әділет министрлігі "Алға, Қазақстан" атты партия құруға тағы да келісім бермеді. Әзірше себебі белгісіз. Бұған дейін министрлік олардың құжатын "сайлау және саяси партиялар туралы заңға қайшы" деп екі рет кері қайтарған
Қазақстан кезектен тыс президент сайлауына кандидат ұсыну уақыты аяқталды. Барлығы 11 адам өз кандидатурасын ұсынды. Қатысуға ниет білдірген, алайда өзін ұсынатын ұйым таппаған тұлғалар да бар. Сайлау жарияланғанда коалиция құрғанын мәлімдеген оппозициялық саясаткерлер енді не істейді?
Тоқаев неге Назарбаевтың "жауыр болған" әдістерін қолдануға әуес? Сайлаудағы негізгі кандидатқа бәсекелес болуға халық танымайтын адамдарды таңдаудың сыры неде? Қазақстандық сайлаушылардың саяси апатиясын қалай түсіндіруге болады? Азаттық саяси сарапшы Виктор Ковтуновскиймен сөйлесті.
Тағы