Украинаның Харьков қаласында орналасқан балабақшаға шабуыл жасалды. Құтқарушылар 48 баланы эвакуациялаған. АҚШ пен Ресей президенттері кездеспейтіні хабарланып, екі жақ бір-біріне сес көрсете бастады. Вашингтон Ресейдің ірі мұнай компанияларына санкция салды, ал Мәскеу америкаға соққы бере алатын
АҚШ пен Ресей президенттері қатысады деп болжанған Будапешт саммиті белгісіз мерзімге шегерілді. Дональд Трамп "пайдасыз жиынға уақыт құртқысы келмейтінін" айтты. Бейбіт келісімнің ауылы алыстады ма?
Украинаның Донбасс аймағы Кремльдің саяси және әскери күресінде басты орын алады. Бұған не себеп?
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина Ресейді жеңеді дегенге сенбейтінін айтты. Венгрия Трамп пен Ресей президенті Владимир Путинді қабылдауға дайындалып жатыр. Бұл кездесуге Украина мен Еуропа елдері наразы.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина мен Ресейді қазіргі майдан шебінде атысты тоқтатуға шақырды. Бірақ ол Украина президенті Владимир Зеленскийді жер беруге үгіттемегенін айтады. Жақында Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен тағы да кездеспек. Зеленский бұл кездесуге өзі де қатысу керегін айтады.
Ресей әскері Украинаға қарсы соғыста жылқы мен есекті қолданып жатыр. Орыс сарбаздары малмен техника тасиды, миналанған далаларды кесіп өтеді. Жылқы мен есек те, өкінішке қарай, шабуыл нысанына айналып жатады.
Украина 19 қазанға қараған түні Ресейдің Орынбор қаласындағы газ өңдеу дрондармен соққы жасады. Бұл – әлемдегі ең ірі газ өңдеу зауыты. Шабуылдан соң Қазақстан энергетика министрлігі Қарашығанақтан Орынбор зауытына шикізат жіберуді тоқтатты.
Таяуда АҚШ пен Ресей президенттері кездесетін болды. Мұны әуелі Ақ үй жетекшісі айтса, кейін ресми Мәскеу де растады. Кездесу Будапештте өтеді. Венгрия премьер-министрі бейбіт саммитке дайындықты бастап кеттік деп мәлімдеді. 17 қазанда Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді қабылдайды
Ресей әскері Украинаның Днепропетровск облысына қарай ығысып келеді. Ал әуеде дрон шабуылдары толассыз жүріп жатыр. Өткен тәулікте екі жақ бір-біріне дрон жаудырды. Ресей Украинаның энергетика нысандарын, ал Киев Ресейдің мұнай зауыттарын нысанаға алды.
АҚШ Украинаға 20-дан 50-ге дейін Tomahawk қанатты зымыранын бере алады. Бұл жайлы Америка қауіпсіздік орталығының басшысы Стейси Петтиджон айтты. Мәселе осы аптаға жоспарланған Дональд Трамп пен Владимир Зеленксий кездесуінде талқылануы ықтимал.
АҚШ Украинаға «Томогавк» қанатты зымырандарын беріп қалуы мүмкін. Бұл туралы Ақ үй жетекшісі Дональд Трамп мәлімдеді. Ол «Путин соғысты тоқтатпаса, осы қадамға баруға мәжбүрмін» деді. Қуатты қаруды алу мәселесінің талқыланғанын Украина президенті де растаған еді.
Тағы