Дрон шабуылы, қираған ЖЭС, болмай қалған кездесу - Соғыстағы ахуал | 31.10.2025
31 қазан Ресей мен Украина соғысының 1346-күні. Тараптар кейінгі тәулікте де бір-бірін дронмен атқылап, шабуылдады. Орыс әскерінің Сумыға бағыттаған соққысынан тұрғын үйлер бүлініп, бірнеше нысан отқа оранды. Ал Славян жылу-электр станциясына түскен бомбадан екі адам мерт болып, бес жұмысшы жараланғаны хабарланды.