Ресей қорғаныс министрлігі Покровскінің оңтүстік-шығысындағы елді мекендерді украиндардан "тазартқанын", оларды қоршап алғанын хабарлады. Ал украин әскері құрсауда қалғанын жоққа шығарды. Олар Ресей әскерінің бекініс орнатуына жол бермеуге тырысып жатқанын айтты.