Азаттық радиосының қызметкерлері Қаңтар оқиғасының ортасында жүрді. Асылхан Мамашұлы, Аян Қалмұрат және Санат Нұрбеков көрген Қаңтар оқиғасы қалай өрбіді? Ал оқиғаға екі жыл толған кезде жауаптан гөрі сұрақ көп.
2022 жылдың Қаңтар айындағы дүрбелеңде туыстарынан айырылған Өскемен мен Шымкент қаласының тұрғындары марқұмдарды еске алып, ас берді. Өскемендіктер алдымен алаңға барып гүл қойып, кейін мешітте құран оқытты. Ал шымкенттік ата-аналарға жергілікті билік орталық алаңға бармау туралы ескерту айтты.
2023 жылы елде Қаңтар оқиғасына қатысты негізгі соттар өтті.
PaperLab зерттеу ұйымының жетекшісі, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев 2023 жылы негізгі саяси оқиғалар жөнінде сауалнама жүргізіп, қоғам пікірін зерделегенін айтады. Азаттыққа берген сұхбатында ол авторитаризмнің түрленгенін, бірақ негізгі қасиетінен айнымағанын айтады.
2022 жылы Қаңтар оқиғасында Шымкент қаласында қаза тапқан 22 жастағы Құрманғазы Орынбайдың анасы 2 жылға жуықтаса да оқ атқандар анықталмағанына қапалы. Қала прокуроры тергеу ісін тоқтатып тастаған. Шерлі әйел "кісі өлтіргендер жазықсыз кете ме" деп алаңдайды.
Қаңтар дүрбелеңі кезінде Алматыда 54 адамды азаптап, біреуінің өліміне себепкер болды деп айыпталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 10 қызметкері сотталып, біреуі ақталды. Жәбірленушілердің кейбірі мен адвокаты үкімге келіспейді. Олар "азаптауды ұйымдастырушы жауаптан сытылып кетті" деп наразы.
Алматыда белсенділер тәуелсіздік күні Желтоқсан, Жаңаөзен, Қаңтар оқиғалараның құрбандарын еске алды. "Тәуелсіздік" монументі маңына жиналған топ қанды оқиғаларға билікті айыптады.
Қаңтар оқиғасында күштік құрылымдардан зардап шеккендер өтемақы туралы талап арызын сот тек ішінара қанағаттандырып, ал кейбірінікін мүлде қарамайтынына шағым айтады. Құқық қорғаушылар мемлекет жазықсыз жапа шеккен азаматтары алдындағы міндетін дұрыс орындамай отыр дейді.
"Қаңтар оқиғасынан сабақ алмаған билік қылбұрауды қатайта түсті" дейді Human Rights Watch ұйымының өкілі Хью Уильямсон. Азаттыққа сұхбатында Қазақстандағы белсенділерді қудалау, тіркелмеген "Алға, Қазақстан!" партиясының лидері Марат Жыланбаевты соттау, Қаңтар оқиғасын тергеу туралы пікірін айтты.
Тараздық Ербол Жұманов – Қаңтарға қатысқандар ішінде ең ауыр жазаның бірін алған адам. Ол "Ұлттық қауіпсіздік комитеті подполковнигін атып өлтірді" және "қару ұрлап, сақтады" деген айыппен 16 жылға сотталды. Жақындары қылмыстың айғағы жоқ дейді және Ерболды "жүйенің құрбаны" деп санайды.
Қаңтар оқиғасында Таразда “ҰҚК подполковнигін өлтірді” деп 16 жылға сотталған Ербол Жұманов айыпты мойындамайды. Бақылау камерасындағы жазбаларды қолына түсірген оның ағасы “ҰҚК мен әскер “атысқан”, офицер сол кезде мерт болған" дейді. Бірақ сот нұсқасы басқа. Азаттық іс материалдарына шолып шықты.
Тағы