Қаңтар дүрбелеңі кезінде Алматыда 54 адамды азаптап, біреуінің өліміне себепкер болды деп айыпталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 10 қызметкері сотталып, біреуі ақталды. Жәбірленушілердің кейбірі мен адвокаты үкімге келіспейді. Олар "азаптауды ұйымдастырушы жауаптан сытылып кетті" деп наразы.
Алматыда белсенділер тәуелсіздік күні Желтоқсан, Жаңаөзен, Қаңтар оқиғалараның құрбандарын еске алды. "Тәуелсіздік" монументі маңына жиналған топ қанды оқиғаларға билікті айыптады.
Қаңтар оқиғасында күштік құрылымдардан зардап шеккендер өтемақы туралы талап арызын сот тек ішінара қанағаттандырып, ал кейбірінікін мүлде қарамайтынына шағым айтады. Құқық қорғаушылар мемлекет жазықсыз жапа шеккен азаматтары алдындағы міндетін дұрыс орындамай отыр дейді.
"Қаңтар оқиғасынан сабақ алмаған билік қылбұрауды қатайта түсті" дейді Human Rights Watch ұйымының өкілі Хью Уильямсон. Азаттыққа сұхбатында Қазақстандағы белсенділерді қудалау, тіркелмеген "Алға, Қазақстан!" партиясының лидері Марат Жыланбаевты соттау, Қаңтар оқиғасын тергеу туралы пікірін айтты.
Тараздық Ербол Жұманов – Қаңтарға қатысқандар ішінде ең ауыр жазаның бірін алған адам. Ол "Ұлттық қауіпсіздік комитеті подполковнигін атып өлтірді" және "қару ұрлап, сақтады" деген айыппен 16 жылға сотталды. Жақындары қылмыстың айғағы жоқ дейді және Ерболды "жүйенің құрбаны" деп санайды.
Қаңтар оқиғасында Таразда “ҰҚК подполковнигін өлтірді” деп 16 жылға сотталған Ербол Жұманов айыпты мойындамайды. Бақылау камерасындағы жазбаларды қолына түсірген оның ағасы “ҰҚК мен әскер “атысқан”, офицер сол кезде мерт болған" дейді. Бірақ сот нұсқасы басқа. Азаттық іс материалдарына шолып шықты.
Қаңтар оқиғасында мерт болған 238 адамның ең кішісі – төрт жасар Айкөркем Мелдехан. Бүлдіршіннің қазасына қатысты сот ісі 15 қарашада аяқталып, күдікті ақталды. Айыпталған әскери қызметкер кінәсізбін дейді. Ал Айкөркемнің әкесі оқ атқан адам табылғанша күресе беретінін айтады.
Қаңтар оқиғасы кезінде 50-ден астам адамды азаптап, бір адамды өлтірді деген айыппен ұсталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін прокурор 3 жылдан 5 жылға дейін соттауды сұрады. "Досымнан да, денсаулығымнан да айырылдым" деген жәбірленуші мұны "тым жеңіл жаза" деп санайды.
Қанды қаңтар алматылық Жәмила Бурабаеваның өмірін астан-кестен етті. Оқ тиіп ауыр жараланған әйел мүгедек арбасына таңылып, денсаулығы мен табысынан айырылды. Бірақ сонда да жігері мұқалмаған Жәмила Қаңтар оқиғасына қатысушыларды оңалту үшін күресіп, былтырғы қантөгістен кейін қудалауға түскен белсенділердің сотына қатысып жүр.
Қаңтар оқиғасы кезінде Таразда оққа ұшқан Асхат Бегешовтың үстінен қозғалған қылмыстық іспен марқұмның жесірі 1 жыл 9 айдан кейін ғана танысты. Ардақ Темірбаева өзі байқаған олқылықтарды көрсетіп, марқұмды ақтауды талап етіп прокуратураға арызданған. Прокуратура "шағымды зерделеп" жатқанын айтады.
Алматы қалалық соты Қаңтар оқиғасы кезінде "әуежайды басып алған" деген айыппен сотталған адамдардың сот үкіміне берген апелляциялық шағымын қарап жатыр. 10 қазандағы онлайн сот отырысын Азаттық тілшісі Zoom қосымшасымен бақылады.
2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде өртеніп, қатты зақымданған Алматы қаласының әкімдігін жөндеу жұмыстары аяқталды. Шенеуніктер ғимараттың тарихи пошымы толығымен қалпына келтірілді дейді.
Тағы