Қанды қаңтар алматылық Жәмила Бурабаеваның өмірін астан-кестен етті. Оқ тиіп ауыр жараланған әйел мүгедек арбасына таңылып, денсаулығы мен табысынан айырылды. Бірақ сонда да жігері мұқалмаған Жәмила Қаңтар оқиғасына қатысушыларды оңалту үшін күресіп, былтырғы қантөгістен кейін қудалауға түскен белсенділердің сотына қатысып жүр.