Қаңтар оқиғасы кезінде Таразда оққа ұшқан Асхат Бегешовтың үстінен қозғалған қылмыстық іспен марқұмның жесірі 1 жыл 9 айдан кейін ғана танысты. Ардақ Темірбаева өзі байқаған олқылықтарды көрсетіп, марқұмды ақтауды талап етіп прокуратураға арызданған. Прокуратура "шағымды зерделеп" жатқанын айтады.
Алматы қалалық соты Қаңтар оқиғасы кезінде "әуежайды басып алған" деген айыппен сотталған адамдардың сот үкіміне берген апелляциялық шағымын қарап жатыр. 10 қазандағы онлайн сот отырысын Азаттық тілшісі Zoom қосымшасымен бақылады.
2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде өртеніп, қатты зақымданған Алматы қаласының әкімдігін жөндеу жұмыстары аяқталды. Шенеуніктер ғимараттың тарихи пошымы толығымен қалпына келтірілді дейді.
Қаңтар оқиғасы билікті басып алу әрекеті ме, әлде дүрбелеңге ұласқан бейбіт наразылық па? Оған кім кінәлі? Тергеу нәтижесіне сенесіз бе? PaperLab орталығы сауалнама жүргізіп, Қаңтарға қоғам көзқарасын анықтауға тырысқан. Азаттық зерттеу авторларының бірі Серік Бейсембаевпен нәтижені талқылады.
PaperLab зерттеу орталығы "Қазақстан қоғамының Қаңтар оқиғасына көзқарасы" атты есебін жариялады. Бұл — кемінде 238 адамның өмірін қиған қанды оқиға жөніндегі алғашқы әлеуметтану зерттеуі. Қазақстандықтардан сауалнама жүргізу арқылы жасалған.
Қаңтар оқиғасы кезінде жараланған кейбір азамат Қазақстан билігінен әлі күнге дейін өтемақы ала алмай жүр. "Қазақстан халқына" қоры өтемақы алуға құқығы бар тек 58 адаммен байланыса алмай отырғанын айтқанымен, құқық қорғаушы "мемлекет өтемақысына қол жеткізе алмағандар бұдан әлдеқайда көп" дейді.
Экс-президенттің немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болған Самат Әбішке қатысты тергеу элита арасында текетірес бар ма деген пікірталас тудырды. Бұл тергеудің астарында не жатыр? Азаттық сарапшылар пікірін сұрап көрді.
Ақмола облысы Атбасар қаласындағы колонияда отырған белсенді Тимур Дәнебаевты азаптаған видео тарады. Оқиғаны қылмыстық атқару-жүйесі комитеті растап, тергеу басталғанын мәлімдеді. Дәнебаев көпшілікке Қаңтардағы "20 мың бандит" деген сөзі үшін президенттің үстінен жазған арызымен таныс.
Алматыда жабық сот процесінде ҰҚК-нің 11 қызметкерінің ісі қаралып жатыр. Оларға азаптау бабымен айып тағылған. Жәбірленушілер Қаңтар қырғыны кезінде өздерін Дикий Арманның адамдары көшеден ұстап әкетіп, ұрып-соғып, кейін күш құрылымдары өкілдерінің қолына тапсырған дейді.
Қаңтар оқиғасында қаза тапқан оннан астам азамат "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айыппен сотталды. Марқұмдардың туыстары үкіммен келіспей, оларды ақтап алуға тырысып жүр. Қазақстанда өлген адамдарға үкім шығаратын post-mortem соттары қаншалық әділ өтеді? Аруақты сотқа тарту тағы қай елде бар?
Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған 29 жастағы қызылордалық Фархад Омаровтың қазасы бойынша ешкім жазаланбады. Есесіне қалалық сот марқұмның өзін полицияға "оқ атты" деп соттады. Омаровтың туыстары "оған тағылған айыптар қолдан жасалған, куәгерлерден қысыммен жалған түсінік алынған" дейді.
Тағы