Саясаттанушы Досым Сәтпаев Азаттыққа сұхбатында Қаңтар оқиғасы туралы кітапты неге ресейлік автор жазғаны, бұрынғы президенттің ендігі тағдыры жайлы ой бөлісті. Сарапшы кітап мазмұны Ақорданың Қаңтар жайлы ресми ақпаратына сай келеді деп топшылайды.
Бас прокуратура кемі 238 адам қаза тапқан Қаңтар оқиғасы туралы Азаттыққа сұхбат берді. Құзырлы орган өкілдері қаза тапқандар дерегі, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің соты, оқ атқандарды жауапқа тарту, президент айтқан "20 мың бандит" пен "шетелдік террористер" туралы сұрақтарға жауап берді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келіп қаңтар құрбандарына арналған мемориалды ашты. Бірақ салтанатты рәсімнің өтетіні алдын ала жарияланбай, жұртшылықтан жасырын өтті. Белгілі адамдар тобы ғана қатысқан. Қаңтарда туысы қаза тапқандар бұған қатты өкпелі.
Биыл жазда Алматыда бір топ саясаткер, қоғам белсендісі Қаңтар оқиғасының құрбандарына арнап, ескерткіш жобасын таныстырған. Олар жасаған макетте Қаңтар кезінде алаңда ту ұстап жүрген азамат – Берік Әбішевтің бейнесі мен "Қарапайым халықпыз, террорист емеспiз" деген плакат ұстаған халық бейнеленген.
Кемінде 238 адамның ажалына себеп болған Қаңтар оқиғасына санаулы күн қалғанда Алматыда Қаңтар құрбандарына арналған "Тағзым" мемориалы ашылды. Қаңтарда туысынан айырылғандардың кейбірі жаңа ескерткіште марқұмдардың аты-жөні аталмай қалғанына наразы.
Алматыда Қаңтар оқиғасы құрбандарына ескерткіш ашылды. Қаңтарда ескертусіз оқ атуға бұйрық берген президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеген бұл шара Қаңтар қырғыны кезінде қаза тапқандардың туыстарының қатысуынсыз өтті.
Шымкентте Қаңтар оқиғасында қаза тапқан адамдардың туыстары қан төгілген алаңға жаңа жыл мерекесіне арнап шырша тігуге қарсылық білдірді. Аудан әкімі наразылар талабын түсінгендей болды, жиналғандар билікке шыршаны алып тастауға екі күн уақыт берді.
Қаңтар оқиғасы кезінде полиция ұстаған Өзбекстан азаматы әлі табылмады. Туыстары оның 6 қаңтар күні тергеу абақтысына кіргенін ғана біледі. Полицейлер "12 қаңтарда шығарып жібердік" деген, бірақ оған дәлел жоқ.
Тағы