Шымкентте Қаңтар оқиғасына байланысты "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыппен үш жылға қамалған Молдабай Сәдібеков бостандыққа шықты.
Қазақстанда қаңтарда болған қанды оқиғаға 5 тамызда 7 ай толды. Қазірге дейін қанша адам сотталды? Қанша іс тергеліп жатыр?
Саят Әділбекұлына "Жаппай тәртіпсіздік" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Алматы прокуратурасының қаулысы шықты. Әділбекұлы енді өзін тергеуде азаптаған құқық қорғау қызметкерлерін жазалауды сұрайды. Оның шағымы бойынша қозғалған іс дұрыс тергелмей жатқанына наразы.
17 жасында Қаңтар оқиғасына байланысты қамауға алынған Сәкен Тәліпов шартты жаза алып, босап шықты. Ол тергеуде әбден азапталып, құқық қорғау органы қызметкерлерінен қорлық көргенін айтады.
Қаңтар оқиғасынан соң ұсталып, үш ай қамауда отырған Самат Нұрмұхановтың денсаулығы сыр беріп, аяқ-қолы жансызданып қалды.
Атырауда бір топ полицей Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Алмаз Берекеновтің отбасынан кешірім сұрады. Олардың арасында Алмазға "оқ атқан" делінген полицей де болды дейді марқұмның туыстары. Тергеу органы 35 жастағы жігіттің өлімінен соң қозғалған істі "қылмыс құрамы жоқ" деп тоқтатқан.
Авторитар басшылар неліктен елдегі оқиғаларға үшінші күштерді кінәлайды? Орталық Азия елдерінің билігі наразылықты басуға не себепті шамадан тыс күш қолданады? Қазақстандағы Қаңтар мен Қарақалпақстандағы оқиғалардың ұқсас тұстары қандай? Азаттық Human Rights Watch өкілі Хью Уильямсоннан сұрады.
13 шілдеде Шымкенттің Әл Фараби аудандық сотында Жанмұрат Аштаев, Қайрат Сұлтанбек және Ләззат Досмамбетоваларға қатысты сот басталды. Олар "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деп айыпталып отыр. Белсенділер айыпты мойындамайды.
Тағы