Human Rights Watch ұйымы Қазақстан билігін азаптау жайлы өтініштерді мұқият зерттеп, наразылық кезінде және одан кейін ұсталған адамдардың, оның ішінде белсенділердің, құқығын бұзбауға шақырды. Құқық қорғаушылар Нұр-Сұлтан әрекетсіз қалса, қаңтар оқиғаларын халықаралық деңгейде тергеу керек дейді.