Беларусь халқы 9 тамыздағы президент сайлауынан кейін көшеге шықты. Полиция шерушелерді аяусыз соққыға жықты.Беларусьтегі билікке қарсы наразылық шерулерінде қамауға алынғандар полицияның қалай ұрып-соққанын, азаптағанын және «зорлаймыз» деп қорқытқанын әңгімеледі.
Беларусь президентінің сайлауы бұрмаланды деп көшеге шыққан халық сайлау учаскелерінде қызмет еткен мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшіліктерін сынға алды.
Беларусьтегі жағдай жайлы қазақстандықтар пікірі.
Беларусьте қызметін бәске тігіп, билікке наразыларға қолдау білдірушілер көбейіп келеді. Олардың қатарында жоғары шенді полицей, театр директоры, дипломат және құрылысшылар бар. Олар 9 тамыздағы сайлау нәтижесі бұрмаланған деп, елді 26 жыл басқарған Александр Лукашенконың кетуін талап етеді.
Қазақстанда билікке тәуелді БАҚ Беларусьтегі наразылық жайлы ақпаратты сирек беретіні байқалады. Сарапшылар "қазақстандық БАҚ үшін елдегі наразылықтардан гөрі сырттағы жағдайларды жазып, оған реакция білдірген оңай" дейді.
Депутаттар "сайлау әділетсіз өтті" деген беларусь халқының талабы орынды екенін айтады. Олар 2019 жылы Қазақстандағы президенттік сайлау әділ өткенін алға тартады.
16 тамызда Беларусь астанасы Минскіде президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспейтін нөпір халық шеру өткізді. Кей болжамдар бойынша Минскінің Жеңіс алаңында жексенбідегі наразылық шеруіне 100 мыңнан 220 мыңға дейін адам қатысқан.
Беларусьтегі жағдайға Қазақстаннан көзқарас
Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт қазақстандықтардың Беларусьтегі оқиғаларға қызығушылығын елдегі саяси таңдаудың жоқтығымен байланыстырады. Ол ұқсастық болғанымен екі елдегі наразылықтардың себебі, дамуы мен ауқымына әсер ететін едәуір айырмашылықтар барын айтады.
Беларусьтың мемлекеттік телеарналары елде сайлау нәтижесіне қарсы шыққан жұртты "арандатушылар" деп көрсетіп жатыр.
Тағы