Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ ұсынған Украина бойынша қарарды қабылдады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ресейдің Украинаға басып кіргеніне үш жыл толғанына орай өткізген отырысы, Нью-Йорк, 24 ақпан, 2025 жыл.

24 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің Украинаға басып кіргеніне үш жыл толғанына орай АҚШ дайындаған қарарды қабылдады. Reuters агенттігінің жазуынша, қарар АҚШ-тың қақтығысқа байланысты бейтарап ұстанымда екенін көрсетеді, себебі АҚШ президенті Дональд Трамп бейбітшілікке араағайын болғысы келеді.

Осы уақытқа дейін кеңестің 15 мүшесі Украинадағы қақтығыс бойынша ешқандай әрекет жасай алмаған еді, өйткені Ресейде вето құқығы болды.

АҚШ қарарына 10 ел қолдап дауыс берді. Франция, Ұлыбритания, Дания, Грекия және Словения қалыс қалды.

"Бұл қарар бізді бейбітшілік жолына алып шығады. Бұл – бәріміз мақтан тұтуымыз керек бірінші, бірақ маңызды қадам, – деді АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісінің міндетін атқарушы Дороти Ши кеңесте сөйлеген сөзінде. – Енді біз оны Украина, Ресей және халықаралық қауымдастыққа бейбіт болашақ құруға пайдалануымыз керек".

Қарардың қысқа мәтінінде "Ресей-Украина қақтығысының" құрбандарына көңіл айтқан, БҰҰ-ның мақсаты – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау делінген. Қарар тезірек бейбітшілік орнатуға шақырады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамптың араағайын болуға деген әрекеті Еуропадағы одақтастары мен Украинаны алаңдатып қойды, олар бейбіт келіссөзден тыс қаламыз ба деп қауіптенді.

Қауіпсіздік кеңесі отырысында Ұлыбританияның БҰҰ-дағы елшісі Барбара Вудворд Украинадағы бейбітшілік бойынша шарт маңызды екенін айтты және ол "агрессия ақталмайтыны жайлы белгі болуы керек" деп мәлімдеді.

Елші Ұлыбританияның ұстанымын былай түсіндірді: "Қауіпсіздік кеңесі мүшелері Украина мен Ресейдің соғысқа деген көзқарасын тең дәрежеде қарастыра алмайтыны осыдан. Біз тұрақты бейбітшілікке жол тапқымыз келсе, кеңес соғыстың қайдан басталғанын нақты анықтауға тиіс".

Украинадағы соғыстың 3 жылы: суреттер сөйлесін

Соғыстың алғашқы күні Киев метро станциясында баласын құшағына қысып отырған әйел. 2022 жылғы 24 ақпан.
1/32 Соғыстың алғашқы күні Киев метро станциясында баласын құшағына қысып отырған әйел. 2022 жылғы 24 ақпан.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Киев түбіндегі Буча қаласында күйреген ресейлік танк колоннасы. 2022 жылғы 1 наурыз. Соғыстың алғашқы күндері Ресей әскері осы қаланы басып, бір айға жетпей қаланы тастап кетті. Ресей әскері бұл қаладан шегінген соң көптеген әскери қылмыстың айғағы анықталды. Буча қырғыны көптеген елдің Ресей агрессиясына көзқарасын өзгертті.
2/32 Киев түбіндегі Буча қаласында күйреген ресейлік танк колоннасы. 2022 жылғы 1 наурыз. Соғыстың алғашқы күндері Ресей әскері осы қаланы басып, бір айға жетпей қаланы тастап кетті. Ресей әскері бұл қаладан шегінген соң көптеген әскери қылмыстың айғағы анықталды. Буча қырғыны көптеген елдің Ресей агрессиясына көзқарасын өзгертті.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Тұрғындар Буча және Ирпень қалаларынан қашып барады. 2022 жылғы 11 наурыз.
3/32 Тұрғындар Буча және Ирпень қалаларынан қашып барады. 2022 жылғы 11 наурыз.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Чернигов облысының солтүстігіндегі қаланы азат еткен украин әскеріне қол бұлғап тұрған әйел. 2022 жылғы 2 сәуір.
4/32 Чернигов облысының солтүстігіндегі қаланы азат еткен украин әскеріне қол бұлғап тұрған әйел. 2022 жылғы 2 сәуір.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Украина солтүстік-шығысындағы Харьков облысында украин сарбазына дұға оқып тұрған әскери капеллан Александр. 2022 жылғы 24 сәуір.
5/32 Украина солтүстік-шығысындағы Харьков облысында украин сарбазына дұға оқып тұрған әскери капеллан Александр. 2022 жылғы 24 сәуір.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Донецк облысындағы украин танк механигі суретке түсіп тұр. 2021 жылғы 11 маусым.
6/32 Донецк облысындағы украин танк механигі суретке түсіп тұр. 2021 жылғы 11 маусым.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Харьков түбінде орналасқан Салтовка елдімекеніндегі соғыстан бүлінген тұрғын үйлер. 2022 жылғы 13 қыркүйек.
7/32 Харьков түбінде орналасқан Салтовка елдімекеніндегі соғыстан бүлінген тұрғын үйлер. 2022 жылғы 13 қыркүйек.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Қолы қайырылып байланған украин сарбазының сүйегі Изюм түбіндегі зираттан қазылып алынған сәт. Харьков облысы, 2022 жылғы 16 қыркүйек.

8/32 Қолы қайырылып байланған украин сарбазының сүйегі Изюм түбіндегі зираттан қазылып алынған сәт. Харьков облысы, 2022 жылғы 16 қыркүйек.

Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Өртпен күрес қызметкері "Шахид" дроны түскен үйдегі өртті сөндіріп жатыр. Киев, 2022 жылғы 17 қазан.
9/32 Өртпен күрес қызметкері "Шахид" дроны түскен үйдегі өртті сөндіріп жатыр. Киев, 2022 жылғы 17 қазан.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
9 жасар қыз Софийка Луганск облысының шығысындағы Макеевкадан эвуакциялау кезінде теңіз шошқасын құшақтап тұр. 2022 жылғы 19 қараша.
10/32 9 жасар қыз Софийка Луганск облысының шығысындағы Макеевкадан эвуакциялау кезінде теңіз шошқасын құшақтап тұр. 2022 жылғы 19 қараша.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Донецк облысындағы украин әскері Батыс елдері берген гаубицалармен атқылап жатыр. 2022 жылғы 23 қараша.
11/32 Донецк облысындағы украин әскері Батыс елдері берген гаубицалармен атқылап жатыр. 2022 жылғы 23 қараша.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Қанға боялған беренді сауыт. Донецк облысындағы Соледар түбінде түсірілген сурет. 2023 жылғы 23 қаңтар.
12/32 Қанға боялған беренді сауыт. Донецк облысындағы Соледар түбінде түсірілген сурет. 2023 жылғы 23 қаңтар.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Донецк облысындағы Бахмут қаласының орталығы. 2023 жылғы 25 ақпан.
13/32 Донецк облысындағы Бахмут қаласының орталығы. 2023 жылғы 25 ақпан.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Бахмутта жүрген украин жауынгері. 2023 жылғы 25 ақпан.
14/32 Бахмутта жүрген украин жауынгері. 2023 жылғы 25 ақпан.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Бекінісі артиллериялық атқылауға ұшыраған украин сарбазы. 2023 жылғы мамыр.

15/32 Бекінісі артиллериялық атқылауға ұшыраған украин сарбазы. 2023 жылғы мамыр.

Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Бахмут түбінде Ресей бекінісін шабуылдаған украин сарбаздары. 2023 жылғы мамыр.
16/32 Бахмут түбінде Ресей бекінісін шабуылдаған украин сарбаздары. 2023 жылғы мамыр.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.

Украин жауынгерлері Бахмут түбінде тұтқынға түскен ресейлік сарбазға су беріп жатыр. 2023 жылғы мамыр.

17/32

Украин сарбазы Донецк облысы Благодатное кентінде атқылауға ұшыраған үйдің ішінде тұр. 2023 жылғы 17 маусым.
18/32 Украин сарбазы Донецк облысы Благодатное кентінде атқылауға ұшыраған үйдің ішінде тұр. 2023 жылғы 17 маусым.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Жұмысшылар Киевтегі "Отан-Ана" ескерткішінің қалқанына украиналық үштағанды орнатқан соң шаттанып тұр. 2023 жылғы 6 тамыз. Үштаған орнатылғанға дейін ол тұста совет эмблемасы болған.
19/32 Жұмысшылар Киевтегі "Отан-Ана" ескерткішінің қалқанына украиналық үштағанды орнатқан соң шаттанып тұр. 2023 жылғы 6 тамыз. Үштаған орнатылғанға дейін ол тұста совет эмблемасы болған.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Чернигов қаласына Ресей күштері жасаған зымыран шабуылының салдары. 2023 жылғы 19 тамыз.
20/32 Чернигов қаласына Ресей күштері жасаған зымыран шабуылының салдары. 2023 жылғы 19 тамыз.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Соғыс алаңына айналған Авдеевка қаласында қабырғасына мурал салынған үйдің қасынан өтіп бара жатқан сарбаз. Донецк облысы, 2023 жылғы қараша.
21/32 Соғыс алаңына айналған Авдеевка қаласында қабырғасына мурал салынған үйдің қасынан өтіп бара жатқан сарбаз. Донецк облысы, 2023 жылғы қараша.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Украиналық миномет бөлімінің жауынгері таңсәріде темекі тартуға үзіліс алған сәт. Бахмут түбіндегі бекініс. 2023 жылғы желтоқсан
22/32 Украиналық миномет бөлімінің жауынгері таңсәріде темекі тартуға үзіліс алған сәт. Бахмут түбіндегі бекініс. 2023 жылғы желтоқсан
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Украин жауынгерлері аспанға қарап, ресейлік дрондар бар-жоғын аңдап тұр. Бахмут түбіндегі бекініс. 2024 жылғы 6 наурыз.
23/32 Украин жауынгерлері аспанға қарап, ресейлік дрондар бар-жоғын аңдап тұр. Бахмут түбіндегі бекініс. 2024 жылғы 6 наурыз.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Бариста Ресей зымыран шабуылынан бүлінген кофеханасында жұмыс істеп жатыр. Киев, 2024 жылғы 25 наурыз.

24/32 Бариста Ресей зымыран шабуылынан бүлінген кофеханасында жұмыс істеп жатыр. Киев, 2024 жылғы 25 наурыз.

Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Өрт сөндіру қызметкерлері Ресей зымыраны жермен-жексен қылған үйдің орнында жүр. Киев, 2024 жылғы 25 наурыз.
25/32 Өрт сөндіру қызметкерлері Ресей зымыраны жермен-жексен қылған үйдің орнында жүр. Киев, 2024 жылғы 25 наурыз.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Авдеевка түбіндегі емханада жатқан жаралы сарбаздан алынған снаряд жарықшақтары. 2024 жылғы наурыз.
26/32 Авдеевка түбіндегі емханада жатқан жаралы сарбаздан алынған снаряд жарықшақтары. 2024 жылғы наурыз.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Донецк облысындағы Покровск қаласындағы эвакуация кезінде туыстарымен қоштасып тұрған қыз. 2024 жылғы 30 тамыз.
27/32 Донецк облысындағы Покровск қаласындағы эвакуация кезінде туыстарымен қоштасып тұрған қыз. 2024 жылғы 30 тамыз.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
40 жастағы украин командирі Артем Покровск түбіндегі Ресей бекінісін артиллериямен атқылар алдында сарбаздарын сақ болуға шақырып тұр. 2024 жылғы қазанның басы.
28/32 40 жастағы украин командирі Артем Покровск түбіндегі Ресей бекінісін артиллериямен атқылар алдында сарбаздарын сақ болуға шақырып тұр. 2024 жылғы қазанның басы.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Қаза тапқан жауынгер Данил Ляшкевичтің анасы ұлының жаназасында оның табытын құшақтап жылап отыр.
29/32 Қаза тапқан жауынгер Данил Ляшкевичтің анасы ұлының жаназасында оның табытын құшақтап жылап отыр.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Ресей авиациясы шабуыл жасаған жерден баласын алып қашып бара жатқан әйел. Киев, 2024 жылғы 20 желтоқсан.
30/32 Ресей авиациясы шабуыл жасаған жерден баласын алып қашып бара жатқан әйел. Киев, 2024 жылғы 20 желтоқсан.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Киевтегі "Лукьяновская" метро станциясының алдында Ресей күштерінің әуе шабуылынан қалған шұңқыр. 2025 жылғы 18 қаңтар.
31/32 Киевтегі "Лукьяновская" метро станциясының алдында Ресей күштерінің әуе шабуылынан қалған шұңқыр. 2025 жылғы 18 қаңтар.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Украинадағы 2014 жылғы Еуромайдан наразылығын еске алуға жиналған жұрт. Киев, 2025 жылғы 20 ақпан.

2013-2014 жылдары Киевте болған бұл наразылық елдің мәскеушіл президенті Виктор Януковичті биліктен тайдырумен аяқталған. Ресей бұған жауап ретінде Қырым түбегін басып алып, Украинаның шығысындағы Донбасс аумағы сепаратистік жанжал ошағына айналды. Ал 2022 жылғы ақпанда Ресей Украинаға қарсы ірі басқыншылық соғысын бастады.
32/32 Украинадағы 2014 жылғы Еуромайдан наразылығын еске алуға жиналған жұрт. Киев, 2025 жылғы 20 ақпан.

2013-2014 жылдары Киевте болған бұл наразылық елдің мәскеушіл президенті Виктор Януковичті биліктен тайдырумен аяқталған. Ресей бұған жауап ретінде Қырым түбегін басып алып, Украинаның шығысындағы Донбасс аумағы сепаратистік жанжал ошағына айналды. Ал 2022 жылғы ақпанда Ресей Украинаға қарсы ірі басқыншылық соғысын бастады.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Previous slide
Next slide

Бұған дейін 193 мемлекет мүше БҰҰ Бас ассамблеясы Украинаның егемендігін, тәуелсіздігін, бірлігі мен аумақ тұтастығын қолдайтын дүниежүзілік ұйымның ұзақ мерзімді ұстанымын жұмсарту туралы АҚШ ұсынысын қабылдамады.

Бас ассамблея екі қарар қабылдады, бірін – Украина мен еуропалықтар, екіншісін АҚШ дайындады, оған ассамблея Украинаны қолдауға байланысты түзету енгізді. Reuters агенттігінің жазуынша, бұл дауыстардан соң Украина мен Еуропа елдері Вашингтонды дипломатия жағынан жеңді.

"Бұл соғыс ешқашан Украина үшін болған емес. Кез келген елдің өмір сүруге, өз жолын таңдауға және агрессиясыз өмір сүруге хақы бар", – деді Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Мариана Беца ассамблеяда дауыс берер алдында.

Бас ассамблеяда 93 ел АҚШ дайындап, өзгерген қарарды қолдап дауыс берді, 73 мемлекет қалыс қалды, сегізі қарсы дауыс берді. Ресей қақтығыстың "түпкі себебіне" сілтеп, АҚШ-тың мәтініне түзету енгізе алмады.

Украина мен Еуропа елдері дайындаған қарарды 93 ел қолдап, 65-і қалыс қалып, 18-і қарсы дауыс беріп қабылдады. АҚШ, Ресей, Солтүстік Корея және Израиль оған қарсы дауыс берді.

"Америкалық әріптестеріміз бүгін Украинадағы бейбітшілікке апаратын жол оңай болмайтынына көз жеткізді, бейбітшілікке жетуді созуға тырысатындар да табылады. Бірақ бұл бізді тоқтатпауы керек", – деген Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Василий Небензяның сөзін Reuters агенттігі жариялады.

«Украинаны қолдаймын», «Ресейге жақпын» | Қазақтар соғыс жайлы не ойлайды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:37 0:00
Айдар
XS
SM
MD
LG