Беларусь мемлекеттік телеарнасы ел президенті Александр Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп айқайлаған наразылардың видеодағы дауысын өзгертіп, оппозиция өкіліне қарсы сөйлеп жатқандай етіп көрсеткен. Түпнұсқа мен фейк видеоны салыстырайық.
Даулы президент сайлауынан соң Беларусьтегі мәдениет қайраткерлерінің бір тобы оппозиция жағына шыққан. Енді Лукашенконың көтерілісті басып тастағанын, оның қайта сайлау өткізуден бас тартқанын сынаған бұл қозғалысқа спортшылар, осы саладағы әйгілі тұлғалар қосылды.
Минскіде бір жылдан бері тұрып жатқан қазақстандық Беларустьтегі шерулер туралы не дейді? Ол демонстранттардың қандай ерекшеліктерін байқады? Азаттыққа айтып берді.
Беларусь президенті Александр Лукашенко жаппай бейбіт шеру күні жұрттың алдына автомат ұстап шығып әлемді қайран қалдырды. Ол сияқты қаруға жармасқан өзге авторитар басшылар да болған.
Беларусьте билікке наразылық шеруіне жүз мыңнан астам адам қатысты. Билік Минск көшесіне шерудің жолын бөгеуге полициямен қоса армия сарбаздарын шығарды. Автомат асынған Александр Лукашенко наразыларды "жөнге келтіреміз" деп сес көрсетті.
Беларусь халқы 9 тамыздағы президент сайлауынан кейін көшеге шықты. Полиция шерушелерді аяусыз соққыға жықты.Беларусьтегі билікке қарсы наразылық шерулерінде қамауға алынғандар полицияның қалай ұрып-соққанын, азаптағанын және «зорлаймыз» деп қорқытқанын әңгімеледі.
Беларусь президентінің сайлауы бұрмаланды деп көшеге шыққан халық сайлау учаскелерінде қызмет еткен мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшіліктерін сынға алды.
Беларусьтегі жағдай жайлы қазақстандықтар пікірі.
Беларусьте қызметін бәске тігіп, билікке наразыларға қолдау білдірушілер көбейіп келеді. Олардың қатарында жоғары шенді полицей, театр директоры, дипломат және құрылысшылар бар. Олар 9 тамыздағы сайлау нәтижесі бұрмаланған деп, елді 26 жыл басқарған Александр Лукашенконың кетуін талап етеді.
Қазақстанда билікке тәуелді БАҚ Беларусьтегі наразылық жайлы ақпаратты сирек беретіні байқалады. Сарапшылар "қазақстандық БАҚ үшін елдегі наразылықтардан гөрі сырттағы жағдайларды жазып, оған реакция білдірген оңай" дейді.
Тағы