Украина жергілікті сайлауы қала мэрлері мен муниципалдық кеңес мүшелері кім болатынын анықтап қана қойған жоқ. «Олигархтардың саясатқа ықпалын шектеу керек пе?» деген сауалға да жауап берді.
Украинада бүгінгі жергілікті сайлау президент Петр Порошенконың соғысты аяқтап, экономиканы қалпына келтіру жолындағы іс-әрекетінің қаншалықты табысты екенін айқындамақ.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің жаңа кітабында 2006 жылы өткен ТМД елдері басшыларының қызықты суреті жарияланған.
Ресей армиясы ансамблінің гастрольмен Прагаға келуі Чехия қоғамында түрлі реакция тудырды.
Лондондағы Украина елшілігі «Oxford University Press баспасы оқулықта Қырымды Ресей аймағы ретінде көрсетті» деп наразы. «Оқулық оқушыны шатастырады» дейді Украина дипломаттары.
Қазанның 13-і күні Нидерланд мамандары Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing ұшағының 2014 жылы шілдеде Украинаның шығысында апатқа ұшырау себебіне қатысты түпкілікті ресми есебін жариялады.
AzattyqLIVE бағдарламасында экс-дипломат Қазбек Бейсебаев Украина президентінің Қазақстанға сапарының мән-маңызын талқылады.
Ресей сотында ісі тергеліп жатқан украиналық әскери қызметкер Надежда Савченко тұтқынға қалай түскенін баяндап берді.
Қазақстандық мектеп оқулықтарында Қырымның "Ресей территориясы" деп көрсетілгеніне наразылық білдірген Украина елшілігі Қазақстан билігінен оқулықтарды мектептен дереу қайтарып алуды сұраған.
Одесса соты жергілікті депутатты ұрлаған деген күдікке ілінген «Оңшыл сектор» бөлімшесі лидері Сергей Стерненконы екі айға қамады.
Жетімдер Иван мен Иолана балалар үйінде бірге өсті, есейген соң олар Украинаның шығысындағы соғыстан қашуға тырысқан.
Бірі - полиция офицері, екіншісі - режиссер, үшіншісі – ұшқыш. Бұл ұш адамды да елдерінен заңсыз ұрлап әкетті және олар шет мемлекет түрмесіне әділетсіз қамалды - тағдыры талқандалды, болашақтары бұлыңғыр.
Тағы