Ресей сотында ісі тергеліп жатқан украиналық әскери қызметкер Надежда Савченко тұтқынға қалай түскенін баяндап берді.
Қазақстандық мектеп оқулықтарында Қырымның "Ресей территориясы" деп көрсетілгеніне наразылық білдірген Украина елшілігі Қазақстан билігінен оқулықтарды мектептен дереу қайтарып алуды сұраған.
Одесса соты жергілікті депутатты ұрлаған деген күдікке ілінген «Оңшыл сектор» бөлімшесі лидері Сергей Стерненконы екі айға қамады.
Жетімдер Иван мен Иолана балалар үйінде бірге өсті, есейген соң олар Украинаның шығысындағы соғыстан қашуға тырысқан.
Бірі - полиция офицері, екіншісі - режиссер, үшіншісі – ұшқыш. Бұл ұш адамды да елдерінен заңсыз ұрлап әкетті және олар шет мемлекет түрмесіне әділетсіз қамалды - тағдыры талқандалды, болашақтары бұлыңғыр.
Қытай ақшасының құнсыздануы басқа валюталарға тікелей әсер етеді. Азаттық тілшісі «Юань арзандай берсе, оның салдары қандай болуы мүмкін?» деген сауалға жауап іздеп көрген еді.
Украинадағы қарулы қақтығысқа ресейшіл сепаратистер жағында қатысқаны үшін Қазақстанның тағы бір азаматы сотталды.
Ресейдегі үлкен мемлекеттік телеарнаның бұрынғы екі қызметкері Украина шиеленісі кезінде Кремльдің насихат жасауға қандай әдіс-тәсілдерді қолданғанын айтып берді.
Донецкіде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрт көлігін өртеп жіберген.
Ресейлік туристерді жазғы демалысын Қырымда өткізуге шақыратын жарнамалар шықты. Олар түбекті «жер жәннаты» етіп сипаттайды. Бірақ мемлекеттік арнадағы жарнама мен Қырымдағы туристер ахуалы - жер мен көктей.
Рубль құнсыздануынан Қазақстанның солтүстік аймағы кәсіпкерлері әлі зиян шегіп отыр. «30 тонна сүтті далаға төккен шаруашылықтар бар» деген кәсіпкер Ресейдің құнсыз тауарымен бәсекелесу жолын іздейді.
Қырым татарларының дүниежүзілік конгресі "Қырым түбегін Украинаға қайтару үшін барлық тиісті шараларды жасауға" шақырды. Түркияда өткен конгреске қазақстандық делегаттар да қатысты.
Тағы