Қазақстанды үзіліссіз басқарып келе жатқан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне 1991 жылдан бері 23 мыңнан астам адамның есімі Нұрсұлтан деп қойылған. Олардың кейбірі Азаттыққа армандарын, жетістіктері мен реніштерін айтты. Әр материалды ашу үшін сілтемені басып кіріңіз.
Бала Нұрсұлтан үздік оқиды, бокс, күреспен айналысады, бос уақытында күшіктерімен ойнайды, әжесіне көмектеседі. Алматы облысы, Талғар ауданы, 30 маусым 2015 жыл
Бала кезінен экономист-ғалым болуды армандаған Нұрсұлтан Мырзашев Қазақстанда бұл ойының жүзеге асатынына күмәнді.
23 жастағы ақтөбелік Нұрсұлтан Назарғалиев президенттің құрметіне қойылған есімін бала кезінде жақтырмағанымен, есейе келе ұната бастағанын айтады.
Астанадағы Қазақ музыкалық драма театрының әртісі Нұрсұлтан Есен саясатқа бала кезден қызықпаса да, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесін сахнада ойнауды арман еткенін айтады.
Freedom House есебінде Қазақстан демократияны дамыту жағынан өтпелі кезеңде тұрған 29 ел ішінде 25-орын иеленген. Қазақстаннан кейін Беларусь, Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан тұр.
Тұрғын үйлерді жаппай сүріп жатқан Ашғабатта 25 мамыр – қала күні, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтың алып ескерткіші ашылды.
25 жыл бұрын, 1990 жылы сәуірдің 24-і Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР-інің президенті болып сайланды. Бірақ, Қазақстанда тұңғыш президент күні ретінде 1991 жылдың 1 желтоқсаны аталады.
Алматыда қазақ диссиденті Кәрішал Асанов 79 жасында өмірден озды. Қазақстан тәуелсіздік алған тұста ол президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынаған кітап шығарғаны үшін сотқа тартылған.
Бүгін кинорежиссер Рүстем Әбдірашовтің Қазақстан президенті туралы түсірген «Тығырықтан жол тапқан» атты фильмі Алматы кинотеатрларында көрсетіле бастады.
Тағы