Accessibility links

Зеленский: Чернобыль АЭС-і саркофагына Ресей дроны түсті


Чернобыль атом электр станциясы саркофагының бүлінген тұсы. 14 ақпан, 2025 жыл.
Чернобыль атом электр станциясы саркофагының бүлінген тұсы. 14 ақпан, 2025 жыл.

1986 жылы сәуірде әлемдегі атом энергетикасы тарихындағы ең ірі апат болған Украинадағы Чернобыль АЭС-індегі 4-энергоблоктың үстіндегі қорғаныс күмбезі – саркофагқа жарылғыш оқ-дәрісі бар Ресей дроны тиді.

Шабуыл туралы Украина президенті Владимир Зеленский хабарлады. Оның айтуынша, саркофагқа "айтарлықтай" зиян келген. Шабуылдан өрт шығып, кейін оны сөндірген. Зардап шеккендер туралы хабар түспеген.

"Радиация сәулесі көтерілген жоқ, оны үнемі қадағалап отыр", – деді Зеленский. Ол Ресей Украинадағы қалалар мен инфрақұрылымға соққы бергені үшін жауап беруі керек деп мәлімдеді.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің өкілдері өрт туралы ақпаратты растап, радиация таралып жатқаны тіркелген жоқ деп хабарлады.

Украинада бес атом электр станциясы бар: Ровенск, Хмельницк, Оңтүстік Украина, ішінара пайдаланылмай тұрған Чернобыль мен Запорожье (Ресей әскері 2022 жылғы наурызда басып алған).

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін атом энергетикасы нысандары бірнеше рет шабуылға ұшырады. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) пен әлемдік қауымдастық радиация тарап кете ме деп алаңдап отыр.

Чернобыль-1986. Ядролық реактор қалай жарылды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:23 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG