Accessibility links

МАГАТЭ Чернобыль АЭС-і саркофагына дронмен шабуылдауға байланысты мәлімдеме жасады


Чернобыль АЭС-і саркофагына дрон шабуылынан келген зиян. Украина тарапы таратқан фото.
Чернобыль АЭС-і саркофагына дрон шабуылынан келген зиян. Украина тарапы таратқан фото.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Чернобыль атом электр станциясындағы төртінші реактордың "саркофагына" дронмен шабуылдауға байланысты ресми мәлімдеме жасады. МАГАТЭ директоры Рафаэль Гросси дрон құлағаннан кейін шыққан өртті тез арада оқшаулаған өрт сөндірушілер жұмысына жоғары баға берді.

Гросси МАГАТЭ сарапшыларына апат болған жерді қарауға мүмкіндік берілді деді. Дрон құлағаннан кейін нысанның шатырында диаметрі шамамен алты метрдей тесік пайда болған, электр кабельдеріне зақым келген. Агенттік радиация тараған жоқ деп хабарлады.

МАГАТЭ сарапшыларына дрон қалдықтары да көрсетілген. Украина мамандары оларды тексеруге алып кеткен.

Чернобыль АЭС-інің басшылығы зақым тиген жерге қосымша радиация датчиктерін орнатуды жоспарлап отыр. Мәліметке қарағанда, ол үшін дрон құлаған жердегі өрт толық сөндірілуі керек.

МАГАТЭ директоры бұл оқиғаны "өте қауіпті жайт" деп атады. Ол атом нысандарына жасалатын шабуылдарды "өрескел" оқиға деп атады.

Гросси Запорожье АЭС-і маңындағы жағдайға да алаңдап отырғанын айтты. "Атом қауіпсіздігіне үлкен қауіп төніп тұр", – деді ол.

Киевтің мүддесі тапталмай ма? Трамп-Путин әңгімесіне реакция
please wait

No media source currently available

0:00 0:08:37 0:00

14 ақпанда Чернобыль АЭС-і саркофагына дрон шабуылдаған. Украина президенті Владимир Зеленский нысанға Ресей дроны тиді деп мәлімдеді. Шабуылдан кейін өрт шыққан, Зеленский саркофагқа "айтарлықтай" зиян келді деді.

Ғимараттың қоршауы 1986 жылы сәуірде жарылыс болған Чернобыль атом электр станциясындағы төртінші энергоблоктың қалдықтарын жауып тұрады. Чернобыль АЭС-і адамзат тарихындағы ең ірі ядролық апат болған нысан ретінде белгілі. Жарылған реактордың айналасына 1986 жылдың аяғында алғашқы қорғаныс "саркофагы" салынған, 2019 жылы қазіргі заманғы және ұзаққа жететін конфайнмент салынды.

Чернобыль-1986. Ядролық реактор қалай жарылды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:23 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG