Accessibility links

Назарбаев Путинді мақтады


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 15 мамыр 2012 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 15 мамыр 2012 жыл.
Қазақстан президенті Назарбаев Ресей президенті Путинді туған күнімен құттықтап, оны «21-ғасырдың жаңа жетекшісі» деп атады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев соңғы аптада Ресей ақпарат құралдарынан екі рет көрінді. Қазанның 5-і күні «Российская газетада» «Дружба на века» деген мақала жариялаған ол екі күннен кейін, яғни 7 қазанда ресейлік «Бірінші арнаға» сұқбат берді.

Ол алғашқысында «өзім бастап көтерген Еуразиялық экономикалық одақ идеясы Қазақстанда да, Ресейде де, Беларусьте де, тіпті басқа ТМД елдерінде де жаппай қолдау тауып отыр» десе, соңғысында «тәуелсіздікке дейін әлем картасында Қазақстан деген мемлекет болмағанын» тағы да қайталады.

«ДЕРЖАВАНЫ БАСҚАРУ ОҢАЙ ЕМЕС...»

Қазанның 5-інде «Российская газетада» жарық көрген Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дружба на века» деген мақаласы Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 толуына орай жазылды» дейді қазақстандық ресми ақпарат құралдары.

Алайда мақаланың жартысына жуығы Ресей президенті Владимир Путинді алда келе жатқан туған күніне орай құттықтап, оның жеке басын мақтап-мадақтауға
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымбұлақта. Алматы, 3 наурыз 2002 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымбұлақта. Алматы, 3 наурыз 2002 жыл. (Көрнекі сурет)
арналды. «Владимир Путиннің Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың дамуына аса зор тарихи үлес қосқанын айтпауға болмайды» дейді Қазақстан президенті.

«Путиннің саяси ерік-жігері мен көрегенділігі екі жақты қатынастардың барша аспектілерінде шешуші рөл ойнады», «2000 жылы барша әлем «Who is mister Putin?» («Путин кім?») деген сауал қойып жатты, ал оның кім екені маған алғашқы әңгімеде-ақ түсінікті болды. Менің алдымда өз елі мен халқының мүддесін бәрінен жоғары қоятын аса күшті, шыншыл, принципшіл саясаткер отырды. Ол Ресей жолында зор жауапкершілікті көтере алатын 21-ғасырдың жаңа жетекшісі» деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президентінің жазуына қарағанда «Владимир Путин саясатының арқасында Ресей Федерациясы әлемдік саясатта лайықты орын алған. Ресей секілді аумағы ең үлкен және мәдени тұрғыдан алуан түрлі державаны басқару оңай емес».

«КІМ НЕ ДЕСЕ, О ДЕСІН...»

Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинге арнаған теңеулері кеше, қазанның 7-сі күні ресейлік телеарнаға берген сұқбатында да әрі қарай жалғасты.

Назарбаев сұқбат барысында әуелі басқа да бірқатар мәселелерге тоқталып, «бұрын әлем картасында Қазақстан деген мемлекет болмағанын, ал қазір шекарасына дейін бекігенін» айтып өтті.

Назарбаевтың сөзіне қарағанда, «батыстық құндылықтар эрозияға ұшырап
Кеден Одағына арналған карикатура (Авторы - Сәбит). Алматы, 17 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Кеден Одағына арналған карикатура (Авторы - Сәбит). Алматы, 17 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
жатқанда, Қазақстан, Ресей, Беларусь арасында құрылған Кеден Одағы өзіне мүше елдерге әлемдік экономикалық дағдарыстан тезірек шығуға жәрдемдеседі».

Назарбаев «ислам әлемінде пайда болған экстремистерден» бастап былтырғы Жаңаөзен оқиғасы жөнінде де пікірін білдірді.

«Бұл жұмысшылар мен жұмыс берушілердің арасынағы әдеттегі еңбек дауы болатын» деген ол «сыртта отырып ұйымдастырған қылмыскерлердің барлығы ұсталды» деп мәлімдеді.

Қазақстан президенті Ресей телеарнасына берген сұқбатын да Путинді мақтаумен аяқтады. «Менің Путинмен жұмыс істеп келе жатқаныма 12 жыл болды. Кім не десе о десін, мен оны Ресейді шын сүйетін көшбасшы деп санаймын. Ол Ресейдегі хаосты тоқтатып, билік вертикалін қалпына келтірді» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазан айының 7-сі күні 60 жасқа толған Владимир Путинді Ресей ақпарат құралдары арқылы осылайша екі рет құттықтаған Нұрсұлтан Назарбаев, ресми дерек көздерінің хабарлауынша ертең, яғни қазанның 9-ы күні Ресейге жұмыс сапарымен барады.
XS
SM
MD
LG