Өткен аптада ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов халықтың зейнетақы қорындағы қаржыларының біразы ел бюджеті қажетіне жұмсалады деп мәлімдеді. Оның сөзінше, 2016 жылы біртұтас жинақтаушы зейнетақы жинақ қорынан 3,6 миллиардтай доллар әртүрлі жобаларды қаржыландыруға да бөлінеді.
Биліктің бұл шешімінің қандай астары бар? Қазақстандықтар қандай зейнетақыдан үміттене алады?
Осы және басқа сауалдарға «Қаржы тұтынушылар одағы» үкіметтік емес ұйымы төрағасы Айдар Әлібаев AzattyqLIVE хабарында жауап берді.
Орыс тілінде өткен хабардың видеосын мына жерден көруге болады.