Германияда Қазақстан азаматы тыңшылық айыбымен ұсталды. Ол Ресейдің арнайы қызметіне жұмыс істеген бе |Қазақстанда сөз еркіндігі рейтингінде cегіз саты төмендеді. Бұған не себеп? | Путин мен Трамп телефонмен 1,5 сағат сөйлесті. Ал Ресей cыртқы істер министрі Тоқаевпен кездесу үшін Астанаға келді
Қазақстанда үлкен даумен қабылданған салық кодексі жұмыс істегелі төрт ай болды. Үкімет оның нәтижесі өте жақсы, бюджетке түсім артты дейді, ал кәсіпкерлер арасында жаңа ереженің зардабын тартып жатқандар көп. Сарапшылар не дейді?
– Ақтөбе облысы аумағына дрон құлап, түтін көтерілді. Қару қай елге тиесілі? – Батыс Қазақстан облысында киік қырылып, індет малға жұғып жатыр. Шаруалар не істейді? – Жаңа салық кодексі бизнесті қинап жатыр ма? Мәжіліс депутаты қоғамды даурықтырған заңнама тағы өзгеруі мүмкін дейді.
Украина 12 күн ішінде үшінші рет Ресейдің Қара теңіз жағасындағы ірі мұнай өңдеу терминалына соққы берді. Бұл Туапсе қаласында тағы да өрт шығуына себеп болып, тұрғындар эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер бұған дейінгі шабуылдан шыққан өртті енді ғана өшіріп болған еді.
23 сәуір – бір кезде Валерия Яковлева үшін ең ауыр күн еді. Алайда 24 жылдан кейін ол осы күнге жаңа мағына беріп, АҚШ-та жаяу сапарға шықты.
Сауд Арабиясы мен Қазақстан ителгі санын қалпына келтіру бағдарламасы аясында Жетісу облысындағы Алтынемел ұлттық паркіне 34 саудиялық ителгіні әкеліп ұшырды. Қызыл кітапқа енген жыртқыш құстың Қазақстандағы популяциясын реттеу үшін Сауд Арабиясы жыл сайын Қазақстанға ондаған құс әкеліп отырмақ.
Алматыда Конституцияға бойкот жариялаған қоғам белсендісі Оразалы Ержановтың соты басталды. | «Байтақ» партиясының басшысы Азаматхан Әміртаевты Ресейге неге кіргізбеді? | Қырғыз парламенті депутатының қазақ журналисіне берген сұхбаты дау тудырды.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғыс бастағанына — екі ай. АҚШ Тегераннан ядролық қару жасау амбициясынан бас тартуды талап етіп отыр. Ал Иран әлем экономикасы үшін маңызды дәліз — Ормуз бұғазын жауып, Вашингтонға ықпал етіп отыр. Екі тараптың келіссөзі тығырыққа тірелді.
АҚШ пен Иран арасындағы жағдай ушығып, Ормуз бұғазы ашылмай тұрған Қазақстан арқылы өтетін Транскаспий транспорт жолы, яғни Орта дәліз жүк тасымалында маңызды бағытқа айналып келеді. Орта дәліздің мүмкіндігі қандай?
Қазақстандық кәсіпкер және Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Гаджи Гаджиев «Бәсе» жобасының негізін қалаушы, журналист Наталья Садықованың үстінен Киев сотына арыз түсірді.
Ақ үйдің журналистерге арналған кешкі асында оқ атылып, қауіпсіздік қызметкерлері президент пен өзге де лауазымды тұлғаларды эвакуациялады. Оқиға кезінде қауіпсіздік қызметкерлерінің бірі жарақат алған, бірақ ол оқ өткізбейтін кеудешесінің арқасын ауыр зардаптан аман қалды.
Қазір Донецк облысының Константиновка майдан шебінде шайқас жүріп жатыр. Ресей бұл маңдағы елдімекендерге шабуылды үдеткен. Украина әскерилері Константиновка майданында дрондар шабуылы күшейгенін айтады.
"Заңсыз лотерея ұйымдастырды" деп айыпталған ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға үкім шықты. Блогерлерге ұтыс ойыны үшін қозғалған алғашқы қылмыстық істің астарында не жатыр?
Киев пен Мәскеу «193-ке 193» форматында тұтқын алмасты. Ресми ақпаратқа қарағанда, бұл жолы тұтқыннан босағандар арасында Ресейде қылмыстық іс қозғалғандар мен жараланғандар бар. Еліне аман-есен оралғандар «бұл күнді көптен бері күттік» дейді.
Қастандықтан қаза тапқан Айдос Садықовтың жесірін кәсіпкер Гаджи Гаджиев сотқа берді. | БҰҰ "Қаңтар оқиғасында" жақындары қаза тапқан тоғыз адамның шағымын тіркеді. | Қырғызстанда советтік атаулардың өзгеруіне Ресей Думасының депутаттары наразы.
Бүгін Ресей әскерінің Украинаға басып кіргеніне тура төрт жыл, екі ай. Осы аралықта тараптар бірнеше рет мәмілеге келуге ұмтылғанымен, нәтижеге жете алмай келеді. 24 сәуірге қараған түн де екі ел үшін оңай тимеді.
Мәжілісте "Аманат" партиясының депутаттары дауласып қалды. Шаруа әрі белсенді Алмасбек Садырбай мен алты адамның соты басталды. Еуроодақ Қырғызстанға соғыста қолданылуы мүмкін тауарларды сатуға тыйым салды.
Тағы