Accessibility links

"Азаттықтың Түркістан қызметін қазақ басқарды"

Азамат Алтай
Азамат Алтай

Биыл "Азат Еуропа/Азаттық радиосының" хабар тарата бастағанына 65 жыл толды. Азаттықтың Түркістан және Қырғыз қызметінде жұмыс істеген Азамат Алтайдан 2004 жылы алынған сұхбатты ұсынамыз. Азаттық қызметкері 2006 жылы 86 жасында өмірден өткен.

Азамат Алтаймен 2004 жылы Азаттықтың Қырғыз қызметінің қазіргі директоры Венера Сағындыққызы сұхбаттасқан.

Азаттық: - Сіз "Азаттық радиосының" қырғыз тіліндегі хабарларын алғаш дайындаған адамсыз. Қалай болмасын ол хабарлар кейін ел тарихын жазуға көмектесті емес пе? Себебі сіздер сол кезде қырғыз елінің тұрмысынан хабар тараттыңыздар ғой.

Азамат Алтай: - Халықтың тұрмысынан хабар таратып, біліп тұрдық. Францияның сыртқы істер министрлігінде істеген Александр Беннингсен деген профессор болған еді. Сол маған мүмкіндік берді. Бұл 1949 жылдары болған оқиғалар еді. Франция әрқашан Азияға қызығып келген ел еді. Осы уақытта “Правда Востока”, “Қызыл Өзбекстан”, “Қызыл Қырғызстан”, “Советтік Қырғызстан”, “Казахстанская правда” газеттерін алады екен. 1952 жылы "Манас" эпосына шабуыл жасалды. Осы кезде "Қызыл Қырғызстанда" шыққан есептерді, мақалаларды Беннингсенге аударып беретінмін. Кейін ол Қырғызстан мәдениеті, дәстүрі, театры, тарихы, білім беру жүйесі, экономикасы туралы "Қырғыз Республикасы" деген кітап жазды. Қырғыз газеттерінің материалдарын пайдаланды. Кейін Қырғыз республикасына арналған журнал да шығарды. Қырғыз газеттерінен алынған мақалалардың барлығын орыс тіліне аударып беріп отырдым. Ол французшаға аударды.

1952 жыл болса керек, Еуропада түркістандықтардың жиыны болды. Жиынға 200-ге жуық түркістандық қатысты. Өзбектер, түркімендер, қырғыздар, қазақтар, тәжіктер болды. Жиында біз Түркістан елдерінің еркіндік мәселесін қозғадық. Бір қырғыз, үш-төрт қазақ, он шақты өзбек болды. Көбі студенттер еді. Осы құрылтайда басшымыз қазақ болып сайланды, орынбасары өзбек болды. Ал мені журналдың редакторы етіп сайлады. "Түрік елі" деген журнал шығара бастадық.

Азаттық: - Бұл 1952 жыл ғой?

Азамат Алтай: - 1950-53 жылдар. 1953 жылға дейін "Түрік елі" журналының жеті-сегіз нөмерін шығардық. Америкалықтар Түркістанға қатысты қолдауларын, тілектерін білдірді. Америкада қандай демократия шарттары болса, Түркістанда да сондай шарттар болу керек деді.

Оқи отырыңыз: "Желтоқсан оқиғасында Азаттық түнде тікелей эфирге шықты"

Азаттық: - Демек 1950 жылдары шетте жүрген Орталық Азия интелегенция өкілдерін жинап, қандай да бір демократияны қалыптастыруға әрекеттер жасалған екен ғой?

Азамат Алтай: - Сондай әрекеттер жасалды. Олар Батыс Еуропада қалған Орталық Азия жастары "Антибольшевиктік комитет" деген ұйым құрды.

Азаттықтың Мюнхендегі ғимараты. 1953 жыл.
Азаттықтың Мюнхендегі ғимараты. 1953 жыл.

Азаттық: - Азаттық радиосына 1953 жылы келдіңіз бе?

Азамат Алтай: - 1953 жылы Қоқан автономиясының президенті болған Мұстафа Шоқайдың жесірі Мария Яковлевнамен таныстым. Ол мені Қарыс Қанатбай деген қазақпен таныстырды. 1949 жылы Франциядан Германияға көштім. 1946 жылы Францияға келген едім. Осында "Түрік елі" деген журналды шығардық. Біз осы антибольшевиктік журналды елге жібереміз деген мақсатпен мыңдаған данасын шығардық. Оны елге жіберуге тырыстық. Әлбетте, журналды елге жеткізе алмадық. Осы кезде Американың Конгресі біздің большевиктік әрекетіміз тура емес, баспасөз елдеріңе жетпейді деп, Азаттық радиосын ашты.

Азаттық: - Сіз Азаттық радиосында алғашқы қырғыз тіліндегі хабарларды дайындадыңыз?

Аамат Алтай: - Ол кезде Азаттықтың "Түркістан редакциясы" деген бар еді. Оны Ленинград университетін, Хайдельберг университетін бітірген қазақ басқарды. Оның лақап атын ғана білетінмін. Оның псевдонимі "Асан қайғы" еді (Анық аты - Мәулікеш Қайбалды - ред.). Сол бас редактор болды.

Азаттық: - Ол кезде қандай хабарларды дайындайтын едіңіздер?

Азамат Алтай: - Антибольшевиктік әрекеттерге көп көңіл бөлдік. Большевизм бізді не күйге ұшыратқанын, коллективизация заманында байларды тонау, қуғын-сүргін туралы жаздық. Қуғынға балалар да ұшыраған еді. Кейбірі бізге хат та жазды. Бірі – Украинадан, бірі – Сібірден.

Азаттық радиосы. 70 жыл

Азаттық радиосы жүйесіндегі телетайп операторы. 1950-жылдардағы сурет.
1/27 Азаттық радиосы жүйесіндегі телетайп операторы. 1950-жылдардағы сурет.

1953-1966 жылдар аралығында Азаттық радиосының орталық кеңсесі орналасқан бұрынғы аэропорт ғимараты. Мюнхен, Батыс Германия.

2/27
1953-1966 жылдар аралығында Азаттық радиосының орталық кеңсесі орналасқан бұрынғы аэропорт ғимараты. Мюнхен, Батыс Германия.
Композитор Вернон Дюк (Владимир Дукельский) Азаттық радиосының тілшілері Виктория Семенова (ортада) мен Михаил Коряковқа (оң жақта) сұхбат беріп отыр. Мюнхен, Батыс Германия, 1955 жыл.
3/27 Композитор Вернон Дюк (Владимир Дукельский) Азаттық радиосының тілшілері Виктория Семенова (ортада) мен Михаил Коряковқа (оң жақта) сұхбат беріп отыр. Мюнхен, Батыс Германия, 1955 жыл.
АҚШ президенті Франклин Рузвельттің зайыбы, құқық қорғаушы Элеонора Рузвельт Азаттыққа сұхбат беріп отыр. 1950-жылдары түсірілген сурет.
4/27 АҚШ президенті Франклин Рузвельттің зайыбы, құқық қорғаушы Элеонора Рузвельт Азаттыққа сұхбат беріп отыр. 1950-жылдары түсірілген сурет.
Азаттықтың Орыс қызметі тілшілерінің бірі Валериан Оболенский. 1950-жылдары түсірлген сурет.
5/27 Азаттықтың Орыс қызметі тілшілерінің бірі Валериан Оболенский. 1950-жылдары түсірлген сурет.
Совет өкіметі Азаттық радиосы хабарларын жұрт естімеуі үшін арнайы толқын тұншықтырғыш құралдарды белсенді пайдаланды. Бұл құралдар 1985 жылғы сәуірде Совет Одағында билік басына келген Михаил Горбачевтің қайта құру саясаты кезінде, 1988 жылы жұмысын тоқтатты.
6/27 Совет өкіметі Азаттық радиосы хабарларын жұрт естімеуі үшін арнайы толқын тұншықтырғыш құралдарды белсенді пайдаланды. Бұл құралдар 1985 жылғы сәуірде Совет Одағында билік басына келген Михаил Горбачевтің қайта құру саясаты кезінде, 1988 жылы жұмысын тоқтатты.
Азат ету радиосынан Азаттық радиосына айналған кез.
7/27 Азат ету радиосынан Азаттық радиосына айналған кез.

Қарыс Қанатбай – Азаттық радиосы Түркістан редакциясын құрушылардың бірі. Сурет Азаттықтың бұрынғы қызметкері Әлихан Жаналтайдың жеке қорынан алынды.

8/27
Қарыс Қанатбай – Азаттық радиосы Түркістан редакциясын құрушылардың бірі. Сурет Азаттықтың бұрынғы қызметкері Әлихан Жаналтайдың жеке қорынан алынды.

Азаттық радиосының қызметкері Баймырза Хаит (сол жақта) пен ақын Хамза Абдуллин. Алматы, 1995 жыл. Екеуі де Екінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түсіп, "Түркістан легионында" болған. Сурет Хасен Оралтайдың жеке қорынан алынды.

9/27
Азаттық радиосының қызметкері Баймырза Хаит (сол жақта) пен ақын Хамза Абдуллин. Алматы, 1995 жыл. Екеуі де Екінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түсіп, "Түркістан легионында" болған. Сурет Хасен Оралтайдың жеке қорынан алынды.

"Бостандық радиосы" кезінде бас редактор болған ақын Мәулікеш Қайбалдының "Қайғы" атымен әзірлеген жаңалықтары. Азаттық радиосының бұрынғы директоры Хасен Оралтайдың жеке қорынан.

10/27
"Бостандық радиосы" кезінде бас редактор болған ақын Мәулікеш Қайбалдының "Қайғы" атымен әзірлеген жаңалықтары. Азаттық радиосының бұрынғы директоры Хасен Оралтайдың жеке қорынан.

"Бостандық радиосы" кезінде бас редактор болған ақын Мәулікеш Қайбалдының "Қайғы" атымен әзірлеген жаңалықтары. Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің бұрынғы директоры Хасен Оралтайдың жеке қорынан.

11/27
"Бостандық радиосы" кезінде бас редактор болған ақын Мәулікеш Қайбалдының "Қайғы" атымен әзірлеген жаңалықтары. Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің бұрынғы директоры Хасен Оралтайдың жеке қорынан.
Радионың техникалық бөлімінің жетекшісі Ричард Джюэл Тэнксли (сол жақта) басқару орталығын көрсетіп тұр. Мюнхен, Батыс Германия. 1964 жыл
12/27 Радионың техникалық бөлімінің жетекшісі Ричард Джюэл Тэнксли (сол жақта) басқару орталығын көрсетіп тұр. Мюнхен, Батыс Германия. 1964 жыл
Азаттық радиосының қызметкері Фрэнсис Рональд АҚШ-тағы қаранәсілді адамдардың құқығын қорғаушы қоғам қайраткері Мартин Лютер Кингтен (сол жақта) сұхбат алып отыр. 1966 жыл
13/27 Азаттық радиосының қызметкері Фрэнсис Рональд АҚШ-тағы қаранәсілді адамдардың құқығын қорғаушы қоғам қайраткері Мартин Лютер Кингтен (сол жақта) сұхбат алып отыр. 1966 жыл
1976 жылы Азаттық радиосы мен Азат Еуропа радиосы бірікті. Сол кездегі радионың Мюнхендегі "Ағылшын бағындағы" штаб-пәтері.
14/27 1976 жылы Азаттық радиосы мен Азат Еуропа радиосы бірікті. Сол кездегі радионың Мюнхендегі "Ағылшын бағындағы" штаб-пәтері.
Радио өз тарихында түрлі кезеңді бастан кешірген. Тіпті террористер шабуылына ұшыраған кездері де болды. 1981 жылғы ақпанда радионың Мюнхендегі ғимаратының бір шетінде жарылыс болып, чехословак жаңалықтар қызметі зардап шекті. Жарылысты коммунистік билік басқаратын елдің тапсырмасымен еуропалық террористер тобына кіретін қылмыскерлер жасағаны кейін тексеру нәтижесінде белгілі болды.

Суретте: Азат Еуропа/Азаттық радиосының штаб-пәтеріне жасалған террорлық шабуылдан кейін. Мюнхен, Батыс Германия, 1981 жылғы ақпан.
15/27 Радио өз тарихында түрлі кезеңді бастан кешірген. Тіпті террористер шабуылына ұшыраған кездері де болды. 1981 жылғы ақпанда радионың Мюнхендегі ғимаратының бір шетінде жарылыс болып, чехословак жаңалықтар қызметі зардап шекті. Жарылысты коммунистік билік басқаратын елдің тапсырмасымен еуропалық террористер тобына кіретін қылмыскерлер жасағаны кейін тексеру нәтижесінде белгілі болды.

Суретте: Азат Еуропа/Азаттық радиосының штаб-пәтеріне жасалған террорлық шабуылдан кейін. Мюнхен, Батыс Германия, 1981 жылғы ақпан.

Қытайдағы коммунистік режимнің қуғын-сүргінінен қашып, Түркияға қоныс аударған қазақ Хасен Оралтай (1933 - 2010) 1960-жылдардың екінші жартысында Азаттық радиосына қызметке қабылданды. Хасен Оралтайдың жеке қорындағы сурет.

16/27
Қытайдағы коммунистік режимнің қуғын-сүргінінен қашып, Түркияға қоныс аударған қазақ Хасен Оралтай (1933 - 2010) 1960-жылдардың екінші жартысында Азаттық радиосына қызметке қабылданды. Хасен Оралтайдың жеке қорындағы сурет.

Азаттық радиосы Қазақ редакциясы таратқан хабарлардың жазбаша мәтіні. Азаттықтың бұрынғы директоры Хасен Оралтайдың жеке қорынан. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана.

17/27
Азаттық радиосы Қазақ редакциясы таратқан хабарлардың жазбаша мәтіні. Азаттықтың бұрынғы директоры Хасен Оралтайдың жеке қорынан. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана.
Азаттық радиосының 1970-жылдары әлем қазақтары туралы әзірлеген хабарларының жазбасы. Азаттық радиосының бұрынғы директоры Хасен Оралтайдың жеке қорынан. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана.
18/27 Азаттық радиосының 1970-жылдары әлем қазақтары туралы әзірлеген хабарларының жазбасы. Азаттық радиосының бұрынғы директоры Хасен Оралтайдың жеке қорынан. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана.
Хасен Оралтай 1988-1995 жылдар арасында Азаттықтың Қазақ бөлімін басқарды.
19/27 Хасен Оралтай 1988-1995 жылдар арасында Азаттықтың Қазақ бөлімін басқарды.
Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің қызметкерлері: (солдан оңға қарай) Нұркамал Пынар, Әбдіуақап Қара және Мұқабай Енгін. Мюнхен, Батыс Германия.
20/27 Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің қызметкерлері: (солдан оңға қарай) Нұркамал Пынар, Әбдіуақап Қара және Мұқабай Енгін. Мюнхен, Батыс Германия.
Совет тұсындағы санаулы қазақ диссиденттерінің бірі Махмет Құлмағамбет (1930-2008 жж.) Азаттық радиосында 1980 жылдан 1995 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін жұмыс істеді. 1930 жылы Қостанай өңірінде дүниеге келген Махмет Құлмағамбет советтік идеологияға қарсы шыққаны үшін сотталып, 1962-1972 жылдар аралығында Сібірде айдауда болды. Совет билігі оны Батысқа кетуге мәжбүр етті.
21/27 Совет тұсындағы санаулы қазақ диссиденттерінің бірі Махмет Құлмағамбет (1930-2008 жж.) Азаттық радиосында 1980 жылдан 1995 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін жұмыс істеді. 1930 жылы Қостанай өңірінде дүниеге келген Махмет Құлмағамбет советтік идеологияға қарсы шыққаны үшін сотталып, 1962-1972 жылдар аралығында Сібірде айдауда болды. Совет билігі оны Батысқа кетуге мәжбүр етті.
Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің қызметкерлері: (солдан оңға қарай) Нұркамал Пынар, Хасен Оралтай, Талғат Қосжігіт, Әбдіуақап Қара, Әлихан Жаналтай. Мюнхен, Батыс Германия. 1995 жыл.
22/27 Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің қызметкерлері: (солдан оңға қарай) Нұркамал Пынар, Хасен Оралтай, Талғат Қосжігіт, Әбдіуақап Қара, Әлихан Жаналтай. Мюнхен, Батыс Германия. 1995 жыл.
Азаттық радиосы туралы буклет. Мюнхен, Батыс Германия. Азаттық радиосының бұрынғы қызметкері Әлихан Жаналтайдың жеке қорынан алынды.
23/27 Азаттық радиосы туралы буклет. Мюнхен, Батыс Германия. Азаттық радиосының бұрынғы қызметкері Әлихан Жаналтайдың жеке қорынан алынды.
1993 жылы шілдеде Азат Еуропа/Азаттық радиосының постсоветтік елдердегі үшінші бюросы Алматы қаласында ашылды. Журналист Қиял Сабдалин  (суретте) осы бюроның алғашқы жетекшісі болды.
24/27 1993 жылы шілдеде Азат Еуропа/Азаттық радиосының постсоветтік елдердегі үшінші бюросы Алматы қаласында ашылды. Журналист Қиял Сабдалин  (суретте) осы бюроның алғашқы жетекшісі болды.

Азаттық радиосы Қазақ қызметінің директоры Хасен Оралтай (сол жақта) мен Азаттықтың Алматыдағы алғашқы тілшісі Қиял Сабдалин.

25/27
Азаттық радиосы Қазақ қызметінің директоры Хасен Оралтай (сол жақта) мен Азаттықтың Алматыдағы алғашқы тілшісі Қиял Сабдалин.
Азат Еуропа/Азаттық радиосының басқару орталығы. Мюнхен, Батыс Германия, 1980-жылдары түсірілген сурет.
26/27 Азат Еуропа/Азаттық радиосының басқару орталығы. Мюнхен, Батыс Германия, 1980-жылдары түсірілген сурет.
Азат Еуропа/Азаттық радиосының орталық кеңсесі. Прага, Чехия, 10 ақпан, 2023 жыл.
27/27 Азат Еуропа/Азаттық радиосының орталық кеңсесі. Прага, Чехия, 10 ақпан, 2023 жыл.
Previous slide
Next slide

Азаттық: - Ел арасында совет билігіне наразылардың бар-жоғын қалай білдіңіздер?

Азамат Алтай: - Советтік билікке қарсыларды өзім де көрдім. Қырманда жұмыс істеп жүргендердің үкіметті сынаған жырларын естідім. Адамдарға тамақ бермей барлық бидайды мемлекет алып кеткен. Бұл 1933-34 жылдар еді. Коллективтендіру кезінде бүкіл малдарын колхозға алып кеткенін, атамның қатты мұңайғанын білем. 1930 жылдары халық қолдағы малын колхозға бермес үшін жаппай сойған. Еттері сасып, далада қарға-құзғынға жем болған еді. Малдарын бермегендер қуғынға ұшыраған. Бұлардың шетін көрдім.

Азаттық: - Радиода қанша жыл жұмыс істедіңіз?

Азамат Алтай: - 1953-1956 жылдары істедім. Кейін Америкаға келген алғашқы күндері жұмыссыз едім. Америкадан да аптасына бір мақала жіберіп тұрдым. Азаттық радиосымен байланысымды үзген жоқпын. 1979 жылы Төлеміс Жақып деген Азаттықтың Қырғыз қызметінің директоры ауырып қалып, мені шақырды. Колумбия университетінің кітапханасындағы жұмысымды тастап, 23 жылдан кейін 1979 жылы Мюнхенге келдім. Төлеміске көмекші болып жұмыс істедім.

(Сұхбат қырғыз тілінен аударылды)

Айдар
XS
SM
MD
LG