Accessibility links

Орталық Азия қазақтары Наурызды қалай тойлайды?

Наурыз мейрамында билеп жүрген қыз. Бішкек. 21 наурыз 2017 жыл.
Наурыз мейрамында билеп жүрген қыз. Бішкек. 21 наурыз 2017 жыл.

Наурыз мейрамын Орталық Азия елдері жаңа жыл ретінде тойлайды. Бірақ әр елде бұл мейрамды атап өту дәстүрі мен арнайы дайындалатын тағамдар бір-біріне ұқсамайды.

Иранда тұратын этникалық қазақ Мехран Пилтан наурыздың 21-і күні Иран күнтізбесі бойынша 1397 жыл кіретінін айтады. Наурыз мейрамын тойлау шаралары күн шыққан сәттен, яғни таңғы жетіден басталады.

- Мерекеде дастарханға жеті түрлі ас қойылады. Одан бөлек "с" әрпінен басталатын дән қоямыз. Мысалы алма, жидек, жүгері мен бидай сияқты дәндер. Бұлардың барлығы парсы тілінде "с" әрпінен басталады, - дейді Иран қазағы.

Фотогалерея: Иран мәдениеті мен өнеріндегі Наурыз бейнесі

Иран мәдениеті мен өнеріндегі Наурыз бейнесі

Көрме Алматыдағы орталық мемлекеттік музей залдарының бірінде өтіп жатыр. Иран қалаларының сәулеті жайлы фотосуреттер көрмеге келушілердің көзіне бірден шалынады
1/13 Көрме Алматыдағы орталық мемлекеттік музей залдарының бірінде өтіп жатыр. Иран қалаларының сәулеті жайлы фотосуреттер көрмеге келушілердің көзіне бірден шалынады
Көрмені ұйымдастырушылар арасында Иранның Алматыдағы бас консулдығы мен оның мәдени өкілдігі де бар. Көрменің ашылу салтанатында Иран бас консулы Хамид Реза Аршади сөйледі
2/13 Көрмені ұйымдастырушылар арасында Иранның Алматыдағы бас консулдығы мен оның мәдени өкілдігі де бар. Көрменің ашылу салтанатында Иран бас консулы Хамид Реза Аршади сөйледі
Көрмені тамашалауға келген Қазақстан мен Иран азаматтары
3/13 Көрмені тамашалауға келген Қазақстан мен Иран азаматтары
Шараның мәдени бөлімінде Алматыда тұрып, жұмыс істейтін Иран азаматтарының дуэті өнер көрсетті: бірі иран халқының ұлттық саз аспабы дафеде (дабыл) ойнап, екіншісі туған елі туралы ән шырқады.<br />
<br />
Азаттық тілшісіне осы әншімен тілдесудің сәті түсті. Шахрам Фаги Насири бұрын әскери ұшқыш болған отставкадағы генерал-майор екен. Зейнетке шыққан соң құрған фирмасы қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатқанын, өзі осында қазақ қызына үйленгенін айтады
4/13 Шараның мәдени бөлімінде Алматыда тұрып, жұмыс істейтін Иран азаматтарының дуэті өнер көрсетті: бірі иран халқының ұлттық саз аспабы дафеде (дабыл) ойнап, екіншісі туған елі туралы ән шырқады.

Азаттық тілшісіне осы әншімен тілдесудің сәті түсті. Шахрам Фаги Насири бұрын әскери ұшқыш болған отставкадағы генерал-майор екен. Зейнетке шыққан соң құрған фирмасы қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатқанын, өзі осында қазақ қызына үйленгенін айтады
Көрме эскпонаттарының көбі &ndash; &quot;Шахнама&quot; дастаны қолжазбасының парақтарынан көшіріп салынған көркем суреттер
5/13 Көрме эскпонаттарының көбі – "Шахнама" дастаны қолжазбасының парақтарынан көшіріп салынған көркем суреттер
Бұл жерге парсылардың ежелден келе жатқан &quot;Хатам&quot; әдісімен ағаштан жасалған жазбаша заттар қойылған. Мұндағы бұйымдарға жұп-жұқа ағаштан, сүйектен немесе металдан істелген түрлі заттар жапсырып, өте күрделі геометриялық ою-өрнек түрінде безендірген
6/13 Бұл жерге парсылардың ежелден келе жатқан "Хатам" әдісімен ағаштан жасалған жазбаша заттар қойылған. Мұндағы бұйымдарға жұп-жұқа ағаштан, сүйектен немесе металдан істелген түрлі заттар жапсырып, өте күрделі геометриялық ою-өрнек түрінде безендірген
Құран қоюға арналған мына сүйемел ағаш та &quot;Хатам&quot; әдісімен ою-өрнекпен безендірілген
7/13 Құран қоюға арналған мына сүйемел ағаш та "Хатам" әдісімен ою-өрнекпен безендірілген
Қабырғаға ілінетін мына ағаш сағат та &quot;Хатам&quot; әдісімен жасалған
8/13 Қабырғаға ілінетін мына ағаш сағат та "Хатам" әдісімен жасалған
Көрмеге &quot;Минакари&quot; әдісімен жылтыр сырмен безендірілген металдан жасалған сәндік бұйымдар да қойылған
9/13 Көрмеге "Минакари" әдісімен жылтыр сырмен безендірілген металдан жасалған сәндік бұйымдар да қойылған
&quot;Шахнама&quot; кейіпкерлері Рүстем мен Сухрабты бейнелейтін мүсін
10/13 "Шахнама" кейіпкерлері Рүстем мен Сухрабты бейнелейтін мүсін
Көрмеде абыздар мен Заратуштра, сондай-ақ Шығыс шайырлары Рудаки, Фирдоуси, Омар Хайям, музыкант Барбад, &quot;Шахнама&quot; дастанындағы бас кейіпкерлердің бірі Рүстем мен әйелі Тахмина, олардың ұлы Сухрабты бейнелейтін шағын мүсіндер қойылған.<br />
&nbsp;<br />
Суретте: &quot;Шахнама&quot; авторы Фирдоусидің мүсіні
11/13 Көрмеде абыздар мен Заратуштра, сондай-ақ Шығыс шайырлары Рудаки, Фирдоуси, Омар Хайям, музыкант Барбад, "Шахнама" дастанындағы бас кейіпкерлердің бірі Рүстем мен әйелі Тахмина, олардың ұлы Сухрабты бейнелейтін шағын мүсіндер қойылған.
 
Суретте: "Шахнама" авторы Фирдоусидің мүсіні
Құран аяттарын ағашқа ойып жазған қолөнер бұйымы
12/13 Құран аяттарын ағашқа ойып жазған қолөнер бұйымы
Құран аяттары металға да жазылған
13/13 Құран аяттары металға да жазылған
Previous slide
Next slide

Мехран Пилтанның айтуынша, ирандықтар Наурыз мерекесін ұлттық мерекесі деп біледі және 14 күн тойлайды. Ал мемлекеттік қызметкерлерге бес күн демалыс беріледі. Наным-сенімі осы мерекемен байланысты жергілікті халық мейрамның 13-күні бидай дәнін егістікке апарып шашады.

- Он үшінші күні жаппай сыртқа шығып, басқа халыққа қосылу, табиғат аясына бару, көк өскіндерді суға лақтыру, қызыл балықты суға жіберу сияқты рәсімдер өткізеді. Оны өздері "он үшінші күні үйде болсаң, ауру-сырқау болып қаласың" деп түсіндіреді. Сол себепті үйде ешкім қалмауға тырысады. Бұл – оларда өте ертеден келе жатқан сенім. Соңғы күні наурызды далада атап өткен жұрт ертеңінде жұмыстарына кірісіп кетеді, - дейді ол.

Иран жұрты Наурыз мейрамы кезінде келін түсіру тойын, пайғамбар жасына (63 жас) толу мерейтойын жасап, дастарқан жаяды.

Наурыз мейрамы алдындағы сауда. Тегеран. 19 наурыз 2018 жыл.
Наурыз мейрамы алдындағы сауда. Тегеран. 19 наурыз 2018 жыл.

"САМАНАК" пен "СУМАЛАК"

Ал Ауғанстанның Кабул қаласында тұратын Абдулрахиб Мүсілімбектің айтуынша, бұл елде Наурыз мерекесін үш күн тойлайды. Мейрамда ұлттық тағамдарын пісіреді.

- Ауғанстанда наурыздың 21-і күні жаңа жыл басталады. Ауғандардың "саманак" деген тағамы бар. Соны жасаймыз. Жаңа өсіп келе жатқан бидайдың өскінін қайнатады. Қазанға салып, белгілі мөлшерде су құйып, суы сарқылғанша қайнатады. Ең соңында қызарып піскен саманакты бөліп, туыс-туғандарына таратады. Мүмкіндігі барлар тауға барып, мал сояды. Ал ондай мүмкіндігі жоқтар бір-біріне қонаққа барып, туған-туыстарын аралайды, - дейді ауғанстандық қазақ.

Абдулрахибтің сөзінше, ауғанстандық қазақтар Наурыз көже қайнатпайды. Оның орнына мал сойып, қамыр жаяды.

Өзбекстанда ұзақ уақыт басшылық қызмет атқарған, қазір Қазақстанда тұратын Сапарбай Жобаевтың айтуынша, Өзбекстан қазақтары наурызда "сумалак" деп аталатын тағам жасап, шырындық қайнатады.

- Студент күнімізде соларды жедік. Сумалакты пісіру үшін бидайды бір апта бұрын суға салып, өсіреді. Жаңа өсіп келе жатқан бидай көгін қазанға салады да, оған қант пен май қосып бір күн қайнатады. Ал шырындықты дайындау үшін жұмыртқа, қант және бал қосады. Сумалакты жеген, жұмыртқа мен қант араласқан балды жеген адам күні бойы тоқ жүреді, - дейді Өзбекстан қазағы.

Өзбекстан бұл мейрамды наурыздың 21-інен бастап тойлайды. Жобаев Ислам Каримовтің билігі тұсында Ташкенттегі үлкен саябақтардың біріне "Наурыз" деген атау берілгенін, осы саябаққа жыл сайын ел президенті келіп арнайы сөз сөйлеп, мерекелік шаралар өткізетінін айтады.

"НАУРЫЗ КӨЖЕ" мен"СҮМЕЛЕК"

Қырғызстанда туып өскен этникалық қазақ Нұрсыдық Жақсығұлов:

- Наурызды тойлауда қазақ пен қырғыздың арасында аса көп айырмашылық жоқ. Қырғыздарда "наурыз көже" деген атау жоқ. Оны "сүмелек" деп атайды. Ауғанстан мен Иранда наурыз мерекесі ежелден тойланып келе жатқанымен советтік елдердің құрамында болған Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан ресми түрде 1990 жылдардан бастап атап өтеді, - дейді.

Бішкектегі Наурыз мейрамы.
Бішкектегі Наурыз мейрамы.

Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланған Наурыз мейрамы айдың 21-інен бастап үш күн қатарынан тойланады.

Наурыз мерекесіне Қазақстанда 1926 жылы діни мейрам ретінде тыйым салынған. Ал 1988 жылдан бері қайта тойлана бастаған.

2010 жылы мамырдың 10-ы күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз мейрамы" деп белгіленген. Бас ассамблеяның қарарында "Наурыз көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орталық Азияда және Таяу Шығыста тойланған" деп жазылған. 2009 жылғы қыркүйектің 30-ы күні ЮНЕСКО Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізген.

Айдар
XS
SM
MD
LG