Accessibility links

Франция қазақтары Моңғолия қазақтарына көмек берді

Франция қазақтары берген көмекке отын алған моңғолиялық отбасы.
Франция қазақтары берген көмекке отын алған моңғолиялық отбасы.

Қақаған аязда қиналған Баян-Өлгийдегі қазақ отбасыларына Франция қазақтары көмір түсіріп беріп, киім-кешек таратты. Көмек алған отбасылар әлеуметтік желіде алғыс жаудырып жатыр.

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында шамамен 100 мыңға жуық қазақ отбасы тұрады. Қаңтар айының ортасында қыстың қатты болып жатқанын естіген Франциядағы қазақ қоғамы (AKFT) моңғолиялық қазақ отбасыларына көмір мен өзге де қажетті заттар алуы үшін ақша жинап беріпті.

- Шамамен 40 тоннадай көмір алдық. Одан бөлек отын, киім-кешек, оқушы балаларға дәптер, қалам, қағаз-қарындаш алдырдық. Көмірі жоқ отбасыларға машинамен түсіріп бердік. Көмір алмағандар отын, киім-кешек сияқты заттар алды. Мұнда кедей отбасылар көп, - дейді Баян-Өлгий тұрғыны Дәкей Бықиұлы.

Оның айтуынша, биыл қыс қатты болғандықтан аймақтағы көп отбасы көмір түсіретін ақшалары болмай, қиналып қалған. Франция қазақтары жіберген көмек қыстың көзі қырауда сәл де болса демеу болған.

«Барлықтарыңызға Моңғолиядағы қазақтар атынан жалынды сәлем жолдаймыз. Жаңа жылдарыңыз құт береке берсін! Бала шағаларыңыз, ауыл аймақ аман ба? Біз де аман есен, Алланың қуатында жүріп жатырмыз. Мына қаңтардың қақаған аязында кедейлерді еске алып, Мұстафа бауырым (Франциядағы қазақ қоғамының презденті – ММ.) біраз ауылға көмір жібергеніне қуанып жатырмын. Рахмет! Алланың нұры жаусын» дейді көмек алған азаматтардың бірі Facebook-та жарияланған видеода.

Франция қазақтарынан көмек алған қазақ отбасы.
Франция қазақтарынан көмек алған қазақ отбасы.

Әлеуметтік желіде осы сияқты бірнеше алғыс-видео жарияланған.

Дәкей Бықиұлының айтуынша, Франция қазақтарының қоғамы Баян-Өлгийдегі қазақтармен тығыз араласып, жағдайларын біліп отырады. Екі жылдан бері Құрбан айт мерекесін бірге қарсы алып келеді екен.

Моңғолия қазақтарына жәрдем берумен айналысып жүрген 56 жастағы Мұстафа Ұслужан Францияға 30 жыл бұрын Түркиядан көшіп барған. Әйелі – француз. Бір қыз, екі ұлы бар. Балаларының барлығы медицина саласының мамандары. Мұстафа Ұслужанның өзі тері тігу саласында қызмет атқарады.

Франция қазақтарының көмегімен көмір түсіріп жатқан отбасы.
Франция қазақтарының көмегімен көмір түсіріп жатқан отбасы.

- Екі жыл бұрын Моңғолияның Баян-Өлгий деген жеріне барғанмын. Сол жақта біздің туыстар бар екен. Соларды іздеп тауып, танысып Моңғолияны, Баян-Өлгийді араладық. Сол кездері «мұндағы ағайындарға көмек керек екен» деп іштей ойлап кеткен болатынбыз. Осылайша Құрбан айт келер кезде Париждегі қазақтарға: «Бұл жақта құрбан шалу қиын, Моңғолиядағы ағайын туыстарымызға барып, сол жақта құрбан шалайық» деген ұсыныс айттық. Осылайша сол жақта құрбан шалдық. Сол екі жылдан бері Баян-Өлгийдің сол маңына көмектесіп келе жатырмыз, - дейді Франциядағы қазақ қоғамының (AKFT) президенті Мұстафа Ұслужан Азаттық тілшісіне.

Франциядағы қазақтар қоғамының дерегінше, қазір Францияда 250-дей қазақ отбасы тұрады. Олардың 175-і қоғамға мүше. Парижден алыстау жерлерде тұратындары қоғамға әлі тіркелмеген.

Ұслужанның айтуынша, Моңғолиядағы қазақ отбасыларына көмір түсіріп беруі үшін қоғамның елу шақты адамы ақша жинап берген.

Биыл Моңғолиямен қатар Қазақстанда да қаңтар айында күн қатты суып, шыңылтыр аяз кезінде бірнеше қалада мектептер жабылып, көмір мен газ тапшылығы байқалған.

Фотогалерея: Моңғолия қазақтарына көмек

Франция қазақтарының Баян-Өлгий қазақтарына көмегі

Баян-Өлгий қазақтарына жеткен көмір.
1/20 Баян-Өлгий қазақтарына жеткен көмір.
Баян-Өлгий қазақтары көмір түсіріп жатыр.
2/20 Баян-Өлгий қазақтары көмір түсіріп жатыр.
Баян-Өлгий қазақтары көмек ретінде келген отынды қабылдап жатыр. 
3/20 Баян-Өлгий қазақтары көмек ретінде келген отынды қабылдап жатыр. 
Баян-Өлгийдегі кейбір қазақ отбасыларына қажетті заттар үлестірілген.
4/20 Баян-Өлгийдегі кейбір қазақ отбасыларына қажетті заттар үлестірілген.
Отыннан бөлек көмек ретінде азық-түлікте берілді.
5/20 Отыннан бөлек көмек ретінде азық-түлікте берілді.
Баян-Өлгий қазағы тиелген отындарды алып жатыр. 
6/20 Баян-Өлгий қазағы тиелген отындарды алып жатыр. 
Шағын көмек алған отбасы.
7/20 Шағын көмек алған отбасы.
Көмекке жылы киім алған Баянөлгейдегі балалар.
8/20 Көмекке жылы киім алған Баянөлгейдегі балалар.
Жаңа киім киген бала.
9/20 Жаңа киім киген бала.
Етік ұстап тұрған бала.
10/20 Етік ұстап тұрған бала.
Жаңа сырт киімін өлшеп тұрған кішкентай қыз.
11/20 Жаңа сырт киімін өлшеп тұрған кішкентай қыз.
Ата-анасы балаларына арналған киімдерді көріп жатыр.
12/20 Ата-анасы балаларына арналған киімдерді көріп жатыр.
Баян-Өлгийдегі балалар
13/20 Баян-Өлгийдегі балалар
"Маған шақ па екен?"
14/20 "Маған шақ па екен?"
Етікті киіп көріп жатқан бала.
15/20 Етікті киіп көріп жатқан бала.
Франция қазақтарының көмегімен алынған балаларға арналған жылы киімдер.
16/20 Франция қазақтарының көмегімен алынған балаларға арналған жылы киімдер.
Көмір алған отбасы.
17/20 Көмір алған отбасы.
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасы
18/20 Баян-Өлгийдегі қазақ отбасы
Баян-Өлгий қазақтары.
19/20 Баян-Өлгий қазақтары.
Көмір алған отбасы.
20/20 Көмір алған отбасы.
Previous slide
Next slide

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Айдар
XS
SM
MD
LG