Accessibility links

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болған әзербайжандықтардың сүйегі Бакуға әкетілді


Ақтауда ұшақ апатынан қаза болған 24 әзербайжандықтың сүйегі сенбі күні кешке Бакуға әкетілді деп хабарлады Маңғыстау облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Олардың арасында экипаж мүшелері де бар.

Бұған дейін денелерді тану жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылған еді. Кейбіріне геномдық сараптама қажет болған. Бұған дейін Ресей өз азаматтарын алып кеткен.

25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Борттағы 67 адамның 38-і қаза болған, 29 тірі қалған. Қаза болғандардың арасында алты қазақстандық бар.

Борт Бакудан Грозныйға қарай ұшқан, бірақ Шешенстан астанасы және Ресейдің өзге қалалары да лайнерді қабылдамаған. Ақыры ұшақ Каспий арқылы Қазақстанның батысындағы Ақтау қаласына бағыт алған.

Ақтауда ұшақ апатқа ұшырады.

"Росавиация" бастапқыда "ұшаққа құстар соғылып, апат содан болуы мүмкін" деп хабарлаған еді. Авиация сарапшылары оған күмән келтірген. Батыс сарапшылары Әзербайжан билігіндегі дереккөздерге сүйене отырып, ұшақ апатына "құрлық-әуе" санатына кіретін ресейлік ракета түрті болуы мүмкін деп болжаған. Дереккөздің айтуынша, ракета Грозный әуесінде дронға қарсы режим күшінде болған кезде ұшырылған, снаряд ұшаққа жақын жерде жарылып, сынықтары салонға тиген.

Осы апта соңында Росавиация Azerbaijan Airlines ұшағы 25 желтоқсанда таңертең Грозныйға қонбақ болған кезде қала төбесінде "кілем" режимі күшінде болғанын растап, барлық әуе кемелері қауіпті аймақтан кетуі тиіс болғанын жеткізді. Дегенмен ол ұшақтың ресейлік ракетадан зақымданғаны жөнінде болжамдарға пікір білдірмеді.

28 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин Azerbaijan Airlines ұшағы апаты үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әиевтен кешірім сұрады.

Кремльдің хабарламасында Путин Ресейдің әуе кеңістігінде болған “қайғылы оқиғаға байланысты” кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтқаны жазылған.

XS
SM
MD
LG