Accessibility links

Ресейде және алыс-жақын шет елдерде Навальныйды еске алу шарасы өтті


Алексей Навальный
Алексей Навальный

16 ақпан күні Ресей оппозициялық саясаткері Алексей Навальныйдың қайтыс болғанына бір жыл толды. Әлемнің ондаған елінде оны еске алу шарасы белгіленген. Навальный жақтастары әзірлеген тізімге қарағанда, еске алу шарасы өтетін елдер арасында Аргентина мен Австралия да бар. Жақтастары Навальныйды колонияда қасақан өлтірген деп, оның өліміне Ресей президенті Владимир Путин кінәлі деген.

МӘСКЕУЛІКТЕР ЗИРАТҚА БАРДЫ

Ресейде еске алу акциясы болады деп жарияланбады. Өйткені Навальный онда террористер мен экстремистер тізіміне кіргізілген. Оның атын атау, суретін жариялау Ресейде экстремизмге арандату деп танылып, әкімшілік немесе қылмыстық жазаға әкелуі мүмкін.

Верстка басылымының дерегінше, Ресейде Навальныйдың атын атағаны үшін ғана 150-ден астам қудалауға ұшыраған. Оларды ұстаған, айыппұл салған және басқа да шара қолданған.

Мәскеудегі Борисов зиратына таңнан бері жүздеген адам келген. Олар Алексей Навальныйдың құлпытасына гүл шоғын қойды. Сол жерде болған адамдардың хабарлауынша, адамдарды еркін кіргізген, бірақ Навальный зиратының маңын полицейлер күзетіп жүрген.

Зират басына келгендердің кейбірі "Ресей азат болады" деп ұрандады. Бір әйел "Мен қорықпаймын, сендер де қорықпаңдар" деген жазуы бар плакат ұстап, пикетке шықты. Бұл сөзді көзі тірісінде Алексей Навальныйдың өзі айтқан.

Зиратқа Алексей Навальный мен қазір шетелде қуғында жүрген оппозиционер Илья Яшиннің ата-аналары да келді. Гүл шоғын қойғандар арасында АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Линн Трейси мен өзге де мемлекеттердің өкілдері бар.

БАТЫС САЯСАТКЕРЛЕРІ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Германия канцлері Олаф Шольц X платформасында Навальныйдың қайтыс болғанына бір жыл толғанын атап өтіп, саясаткер Ресей демократиясы мен еркіндігі үшін күресемін деп өлді деді.

"Путин еркіндікпен және оның жақтастарымен зұлымдық жолымен күреседі" деп жазды Шольц.

Еуроодақ атынан жасалған мәлімдемеде Навальныйдың өліміне Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей билігі жауапты екені жазылған және Ресейдегі саяси тұтқындарды босатуға үндеу жасалған.

Бұдан өзге демократия орнаған 19 мемлекет ортақ мәлімдеме жариялады. Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған құжатқа Австралия, Канада, Чехия, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Италия, Латвия, Литва, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Румыния, Швеция, Исландия және Ұлыбритания қол қойған.

"Ресейде 800-ден астам саяси тұтқын бар. Олардың көбі Украинадағы заңсыз соғысқа және украин халқына жасалған зұлымдыққа қарсы әрекеті үшін бас бостандығынан айырылған" деп жазылған мәлімдемеде. Мұнда да Навальныйдың өліміне жауапкершілік Ресей билігіне жүктелген.

НАВАЛЬНЫЙ РЕСЕЙ АЙМАҚТАРЫ ДА ЕСКЕ АЛДЫ

ОВД.Инфо медиа жобасының хабарлауынша, Новосибирскіде Навальныйды еске алу шарасында бес адам ұсталған. Адамдар Нарым алаңына жиналып, саяси репрессия құрбандары есткерткішіне гүл шоғын қоймақ болған, бірақ полиция оған жол бермеген.

Коми Республикасындағы Ухта қаласында репрессия құрбандарына арналған мемориалға гүл қойған бір адам ұсталған.

Сибирь.Реалии жобасының хабарлауынша, Барнауылда тұрғындар "Қоштасу" ескерткішіне гүл қойған. Бір әйел Алтай өлкесі үкіметінің ғимараты алдында Навальныйды еске алатын жалғызкісілік пикет өткізді. Навальныйды Ресейдің өзге өңірлерінде де осылай еске алды.

В Екатеринбурге, как сообщается, полиция не пускает горожан к мемориалу жертвам репрессий, где в прошлом году возлагали цветы в память о Навальном.

В Перми возложили цвета к памятнику жертвам политрепрессий на Егошихинском кладбище. Жители Петрозаводска собрались на Зарецком кладбище.

ШЕТЕЛДЕГІ АКЦИЯЛАР

"Дождь" телеарнасының хабарлауынша, Тбилисиде Навальныйды еске алушылар Пушкин ескерткішіне гүл қойды. Акция қатысушылары қаза тапқан өзге оппозиционерлер мен саяси тұтқындарды да еске алған.

Токиода Алексей Навальный қазасының жылдығына арналған пикет өтті. Бұл туралы Сибирь.Реалии жобасына акция қатысушыларының бірі Ника есімді қыз хабарлады.

Қатысушылар орыс және жапон тілдерінде "Путин – кісі өлтіруші!", "Украинаға бейбітшілік!", "Ресейге еркіндік!", "Батырлар өлмейді!" деп ұрандады. Олар сондай-ақ Навальный портретін ұстап шықты. Плакаттардың бірінде "Алексейді өлтірген Путин" деп жазылды.

Навальныйдың жесірі Юлия 16 ақпан күні "Алексейсіз өткен бір жыл" дейтін видео жариялады. Ол осы бір жылда қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтып, Навальный армандағандай "Ресейдің жарқын болашағы" орнайтынына сенетінін мәлімдеді.

  • "Жемқорлықпен күрес қорын" құрған Алексей Навальный Ресей президенті Владимир Путиннің ең табанды қарсыластарының бірі еді. Ол Ресей билігіндегі жемқорлықты әшкерелейтін көптеген зерттеу жүргізді. 2013 жылы Мәскеу мэрі сайлауына түсіп, 27 пайыз дауыс алды. 2020 жылы оны "Новичок" уымен улап, аман қалды. Германияда емделіп шыққан соң, 2021 жылы Ресейге оралып, әуежайда қамауға алынған. Билік оған түрлі айып тағып, 19 жылға бас бостандығынан айырды. Ішінде экстремизм баптары бойынша тағылған айып та бар.
  • 2021 жылы Ресей билігі "Жемқорлықпен күрес қорын" және Навальный штабын экстремист деп жариялады. Бұл екі ұйымға қатысы бар адамдарға қылмыстық қудалау қаупі төнді.
  • Навальный 2024 жылғы 16 ақпанда Ямал-Ненецкий округіндегі колонияда көп жұмды. Оның жақтастары Навальныйды өлтірді деп санайды. Олар Навальныйдың өлімі жайлы құжаттарға сілтеп, онда улану белгілері болғанын айтады. Билік Навальныйдың өліміне сыртқы фактор әсер етпегенін айтып, қылмыстық іс қозғамады. Бірақ тексеріс әлі жалғасып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG