Accessibility links

Украина күштері Белгород облысындағы базаға шабуыл жасағанын спутник суреттері растады


"Досье шпиона" телеграм-арнасы жариялаған бұл фотодағы қираған ғимарат Ресейдің Белгород облысында шабуылға ұшыраған әскери басқару пункті болуы мүмкін.
"Досье шпиона" телеграм-арнасы жариялаған бұл фотодағы қираған ғимарат Ресейдің Белгород облысында шабуылға ұшыраған әскери басқару пункті болуы мүмкін.

Ресейдің Белгород облысындағы "Нежеголь" демалыс базасына шабуыл жасалғанын спутниктен түсірілген суреттер растап отыр, ал әлеуметтік желілерде жарияланған фотолар онда Ресей әскері болғанын көрсетеді дейді Азаттықтың Орыс қызметі (Радио Свобода). Базада Ресей армиясының басқару пункті орналасқан болуы мүмкін.

Дүйсенбі, 10 маусымда "Досье шпиона" атты құпия телеграм-арнасында базаға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат пайда болды. Мұны Радио Свобода зерттеген Planet.com сервисінің 10 маусымдағы суреттері растады. Азаттықтың Орыс қызметі тілшісінің мәліметінше, шамамен 2022 жылғы желтоқсаннан бері осы демалыс базасында Ресей әскери қызметкерлері суретке түскен.

"Досье шпиона" арнасының ақпаратынша,"Нежеголь" базасында Волчанск қаласына шабуыл жасауға жауапты Ресей армиясының 6-командалық пункті болған. Пунктегі 6 офицер хабар-ошарсыз кеткен деген ақпарат тарады, оны растайтын тәуелсіз дерек көздері жоқ.

Жексенбі, 9 маусымда Украина барлау қызметіндегі дереккөзіне сүйенген британдық Sky News арнасы Белгород облысындағы әскери басқару пунктіне шабуыл жасалғанын хабарлаған. Мұны украин авиациясы жасаған деген дерек айтылды.

Мамырдың аяғында Украинаға қару-жарақ жеткізуші ең ірі елдердің, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның украин әскеріне өздері берген қаруларды Ресейдегі нысаналарға шабуылға қолданбау жөніндегі бұрынғы шектеулерінің бір бөлігін алып тастағаны белгілі болды.

Ресей Украинаның Харьков облысына шабуыл жасап, соның ішінде Волчанск қаласын басып алуға тырысты. Шабуыл тоқтады, кейінгі бір айда Волчанскіде шайқас жүріп жатыр. Соғысқа дейін 17,5 мың адам тұрған қала қирады, халқының түгелге дерлігі басқа жаққа кетіп қалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG