Accessibility links

Солтүстік Осетияға алғаш рет дрон шабуылы жасалды


8 маусымға қараған түні және сенбі күні таңертең Ресей аумағы мен аннексияланған Қырымда 27 дрон атып түсірілді. Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрлігі мәлімдеді, ведомство шабуылға Украинаны кінәлады.

Солтүстік Осетия, Краснодар өлкесі, Астрахан, Белгород, Брянск, Ростов және Тула облыстарында дрондар атып түсірілген. Қырым маңында экипажсыз екі катер жойылған.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Солтүстік Осетияға алғаш рет әскери шабуыл жасалып отыр. Республиканың басшысы Сергей Меняйло дрондар Моздоктағы әскери аэродромды нысанаға алғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, үш дрон жойылған, алайда Ресей қорғаныс министрлігі бір дрон атып түсірілгенін айтты. Ешкім зардап шекпеген.

Белгород облысының губернатор Вячеслав Гладковтың сөзінше, екі дрон Прохоровка ауылындағы тұрғын үйлердің маңына құлап, зарарсыздандырылған. Тағы біреуі храмға барып тиген. Ғимараттар бүлінген. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Ростов облысының губернаторы Василий Голубевтің айтуынша, дрон Новошахтинскі аумағында атып түсірілген. Ондағы мұнай өндеу зауыттары бұған дейін талай шабуылға ұшыраған.

Қалған аймақтардың губернаторлары да ешкім зардап шекпегенін, ештеңе бүлінбегенін жазды, кейбірі мүлде ештеңе жазған жоқ.

  • Ресей Украинаға басып кіргелі бері Ресей аумақтарына дрон шабуылы жасалып жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі украин шабуылы мен дрондарының атып түсірілгені жөнінде есеп беріп отырады. Зардап шеккендер де болған. Көп жағдайда Киев мұндай ақпараттарға түсініктеме бермейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG