Accessibility links

Орбан Зеленскийге соғысты тоқтату жағын ойлануды ұсынды


Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан (сол жақта) мен Украина президенті Владимир Зеленский Киевте. 2 шілде 2024 жыл.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан (сол жақта) мен Украина президенті Владимир Зеленский Киевте. 2 шілде 2024 жыл.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөз кезінде соғысты тоқтатуды және бейбіт келіссөз бастау жағын ойластыруды ұсынды. Орбан қақтығысты тоқтату келіссөзді жылдамтадады деп санайды.

Венгрия премьері Украина президентінің бейбітшілік бастамаларын жоғары бағалайтынын да мәлімдеді.

Орбан Будапешт кейбір мәселеде түсініспеушіліктер болса да, Киевпен қарым-қатынасты жақсартуды, екіжақты қарым-қатынас келісімін жасауды қалайтынын атап өтті. Бұған қоса, Венгрия премьері Будапешт Украина экономикасына көмектесуге дайын екенін білдірген.

Орбан Венгрия украиналық босқындарға жағдай жасауды жалғастыра беретінін мәлімдеді. Бұдан бөлек, ол Зеленскийдің Венгрияда украин тіліндегі алғашқы мектеп ашу ұсынысын да қолдады.

Украина президенті Венгрия Еуропа одағына төрағалық етіп тұрған тұста Орбанның Киевке келгенін атап өтті. Ол Орбанмен бүгінгі келіссөз Украина-Венгрия арасын жақындатады деп санайды.

Орбан Украинадағы соғыс басталғалы Киевке алғаш келіп отыр. 2022 жылдың 24 ақпанынан бері Украинаға ЕО елдерінің лидерлерінің бәрі келген. Венгрия тек министрлер кабинетінің төрағасын жіберген еді.

Венгрия билігінің Украинадағы соғысқа деген көзқарасы ЕО мен НАТО-ға мүше елдердің көбінен ерекшеленеді. Будапешт келіссөз үстеліне отыру керек деп санайды. Ал Орбан Еуропа одағының Украинаға әскери көмек бергеніне қарсы шыққан. Ол Украинаның Еуропа одағына мүше болуына да қарсылық білдірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG