Accessibility links

Ресейдің Белгород облысы атқыланды, аудан басшысының орынбасары қаза болды


Ресейдің Белгород облысы жексенбіге қараған түні тағы атқыланды. Шебекино қаласында алты бейбіт тұрғын зардап шеккен. Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладковтың айтуынша, атқылау кезінде бес адам автобуста болған, алтыншы адам көшеде жүрген. Олар ауруханаға жіберілген.

Корочанск ауданында жарылмай қалған снаряд іске қосылып жарылған. Жарылыс кезінде аудан әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Игорь Нечипоренко қаза болған. Аудан басшысы мен ауылдың екі жетекшісі жеңіл жарақаттанған.

Ресейдің қорғаныс министрлігі түнде Белгород және Курск облыстарында екі дрон атып түсірілгенін хабарлады, тағы бірі Азов теңізі төбесінде жойылған. Жексенбі күні таңертең Белгородчино қаласында да төрт дрон жойылған.

Ресейдің Украинамен шектесетін облыстары кейінгі айларда күн сайын дрон шабуылына ұшырап, атқыланып жатыр. Ресей жағы бұған Украинаны кінәлайды. Украина билігі әдетте мұндай ақпараттарға түсініктеме бермейді.

XS
SM
MD
LG