Мәскеуде Ресейдің еркін күрестен жастар құрамасының бапкері Алишери Исматзода террористік әрекетке қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Жақын күндері сот оған бұлтартпау шарасын белгілемек. Тергеу Исматзоданы қамауға алуды сұрап отыр.
Бапкерге тағылған айыптың мән-жайы әзірге анық емес. Ресейдің күрес федерациясында оның қамауға алынғанын растағанымен, бұл ақпараттан өздерінің де аң таң екенін жасырмады.
Алишери Исматзода жастар құрамасынан өзге Мәскеудегі мамандандырылған олимпиадалық резервтегі № 1 училищеде де бапкер болып қызмет еткен. Бұған дейін ол Ресейдің жасөспірім қыздар құрамасы мен Мәскеудің ұлдар жасөспірімдер командасын да жаттықтырған.
ПІКІРЛЕР