Accessibility links

Израиль шабуылынан Газадағы мектепте ондаған адам қаза тапқан деген хабар тарады


6 маусымда Израиль әскері Газа секторындағы мектепке шабуылдады. Олар ХАМАС пен "Ислам жиһады" топтары осы нысанды шабуылдарын жоспарлауға және іске асыруға пайдаланды деп, "барлау мәліметіне сүйеніп, 20-30 содырға әуеден шабуыл жасағанын" айтты.

Палестиналық ХАМАС радикал тобы АҚШ пен Еуроодақта "террористік ұйым" деп танылған

BBC Израиль әскері Газа секторы орталығындағы Нусейрат босқындар лагерінде орналасқан БҰҰ-ға қарасты мектепке шабуылдаған деп хабарлады. ХАМАС өкілі Израиль шабуылы салдарынан 40 адам қаза тапты, оның ішінде әйелдер мен балалар бар деп айтты.

Reuters ақпаратынша, Израильдің тағы рейд жүргізгені және оның салдары халықаралық араағайын елдермен атысты тоқтату туралы келіссөздер өтіп жатқанда белгілі болды. Келісім шарты бойынша, ХАМАС кепілде ұстап отырған адамдар мен Израиль түрмелеріндегі палестиналықтар босатылуы керек.

АҚШ пен басқа да бірнеше ел бірігіп, Израиль мен ХАМАС-ты ымыраға келуге шақыратын мәлімдеме жариялады.

  • Былтыр күзде Израиль елдің оңтүстігіне шабуыл жасаған ХАМАС тобының әрекетіне қарымта ретінде Газа секторында әскери операция бастаған. ХАМАС шабуылынан 1200-ден аса адам қаза тапқан, 250-ден астам адамды ХАМАС Газа секторына күштеп алып кеткен.
  • Бұған дейін Израиль ХАМАС кепілде ұстап отырған адамдарды қайтарудан бөлек, "геноцидке жауапты ХАМАС-ты террористік ұйым ретінде жою" туралы шартынан бас тартпайтынын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG