11 наурызда Алматы маңындағы Шымбұлақ тау шаңғысы базасында фристайлдан әлем чемпионаты аяқталды. 19 елден жиналған 140 спортшы төрт күн бойы бақ сынап, өнерін ортаға салды. Қазақстан спортшыларына бұл жолы алтын медаль бұйырмады, дегенмен жеке бәсекеде күміс және қола жүлде иеленді.