Татарстанның Қазан қаласында мектепке шабуыл кезінде қайтыс болған жеті оқушы мен екі ересек адам 12 мамырда жерленді. Бұл шабуылдан зардап шеккен 23 адам қазір ауруханада жатыр. Бірнешеуінің жағдайы ауыр. Шабуылға күдікті ретінде 19 жастағы Ильназ Галявиев ұсталды. 12 мамыр - Татарстанда аза тұту күні, елде мектептердің бәрі жабылған.
Қазанда мектептегі шабуылдан қаза болғандар жерленді

1
Татарстанның Қазан қаласындағы мектепке шабуыл кезінде қаза болғандардың көбі мұсылман отбасынан.

2
11 мамырда Қазандағы №175 мектепке 19 жастағы жігіт шабуыл жасап, жеті оқушы, бір мұғалім және бір қызметкер қаза болған. 23 адам жараланған, олардың 20-сы оқушы. Қазір олар ауруханада жатыр. Мерт болғандардың көбі мұсылман отбасынан.

3
Ресей ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мектепке 19 жастағы Ильназ Галявиев шабуылдаған. Қазір ол қамауда. Татарстанның тергеу комитеті "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

4
Татарстанның тергеу комитеті "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

5
Тергеудің дерегінше, күдікті алдымен жарылғыш затты іске қосып, кейін оқ ата бастаған. Оқушылардың кейбірі оқтан қашпақ болып, үшінші қабаттан секірген.

6
Татарстанның балалар құқығы жөніндегі уәкілі Ирина Волынец ТАСС агенттігіне "19 жастағы жігіт не үшін шабуыл жасағаны әлі белгісіз" деген.

7
Шабуыл жасалған мектепте мыңнан аса оқушы оқыған, 57 педагог жұмыс істеген.

8
Мемлекеттік думаның депутаты Александр Хинштейннің сөзінше, Галявиев 28 сәуірде қару ұстауға рұқсат алған, онда Hatsan escort PS мылтығы болған.

9
Хинштейн Қазандағы бұл мектепте күзет болмағанын, тек ескерту батырмасы орнатылғанын айтады.

10
12 мамыр Татарстанда аза тұту күні жарияланды.

11
Ресей билігі құрбан болғандардың отбасына 1 миллион рубль (шамамен 13500 доллар), ал жараланғандарға 200 000 - 400 000 рубль бермек.

12
Шабуылдан қаза тапқан Амир Шайхутдиновтің (18.09.2006-11.05.2021) зираты.

13
Қаза тапқандардың жетеуі – сегізінші сыныпта оқыған төрт ұл және үш қыз бала.