2015-2019 жылдар аралығында антрополог Тобиас Маршалл Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы биік тауда мал бағатын көшпелі қырғыз ауылында 11 ай тұрған. Оның суреттері ауа температурасы жылына екі ай ғана нөлден жоғары көтерілетін аудандағы халықтың тұрмыс-тіршілігінен хабар береді.