Донбаста бұған дейін ең соңғы ауқымды шайқас 2017 жылғы қаңтарда болған, бірақ қазір қарсылас екі тарап тағы қақтығысуы мүмкін деген қауіп бар. Әскерилер мен қарапайым азаматтар жағдай күрт шиеленісіп кете ме деп қамданып жатыр.
Украинаның шығысында қарулы жанжал жеті жыл бұрын басталған. Атысты доғару жайлы талай рет келісім жасалғанына қарамастан арагідік қарудан оқ атылып, адамдар мерт болып, жараланады. БҰҰ дерегі бойынша, 2014 жылғы сәуірден бері осы аймақта 13 мыңнан астам адам қаза тауып, миллионнан астам адам тұрғылықты мекен-жайын тастап, босып кетуге мәжбүр болған.

ПІКІРЛЕР