Халықаралық Amnesty International (AI, «Амнести Интернэйшнл») ұйымының мәліметінше, 2011 жылы Қазақстанда азаматтарды полицейлердің азаптауы туралы көптеген дерек тіркелген. Ұйымның баяндамасына қарағанда, құқық қорғау органдары Жаңаөзендегі мұнайшылар ереуілі барысында наразылық танытушыларды қуып тарату үшін шектен тыс күш қолданған.
Бүгін Қазақстанның адам құқығы саласында халықаралық ұйымдар алдында алған міндеттемелерін орындау мәселесіне арналған конференция болды. Астанада өткен жиында елдің 2009-2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалуы талқыланды.
Forum 18 атты халықаралық құқық қорғау ұйымы «Қазақстандағы ахмадиші мұсылмандар қауымы бұдан былай діни ғұрыптарын өткізу үшін бір жерге бас қоса алмайды» деп жазады. Баптистерге де осындай тыйым салынуы мүмкін.
Amnesty International ұйымы Еуропа елдерінің үкіметтерін мұсылмандар туралы қоғамда орныққан қате түсінік пен таптаурын кертартпа көзқарасты жоюға үндеді. Азаттық радиосына сұхбат берген франциялық қазақ баласының аты мұсылман болғаны үшін қызметке тұруы қиындағанын айтады.
2012 жылы сәуірдің 11-інде Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев "наурыздың 16-сында Өзбекстанда қамалған Ермек Қосмағамбетовке қолдан келгенше көмектесіп жатқандарын" хабарлады.
Қазақстанның дін істері жөніндегі агенттігі басшысы Қайрат Лама Шариф 1174 діни интернет-ресурсқа талдау жасалып, ондаған экстремистік сайттың заң талабына сай жабылғаны туралы мәлімдеген болатын. Бұл мәлімдеменің растығына сарапшылар мен діни қайраткерлер күмән келтірді.
Ақпан айының ортасынан бері Астананың кітапханалары мен кітап дүкендерінде тыйым салынған діни әдебиеттердің бар-жоғы тексерілген. Тексерушілер екі кітапты "жарамсыз" деп тапты. Құқық қорғаушы "тыйым салынған әдебиетті анықтау жүйесі бұлыңғыр" дейді.
Қазақстанда имамдар шенеуніктер сияқты «өз өтінішімен» қызмет ауыстырады. Ал Тәжікстанда белгілі молдалар діни көзқарасы мен принциптері үшін қызметтен қуылып жатыр. Олардың кейбірі басқа елге кетуге мәжбүр.
Орал қаласында «террористік топтың қызметіне қатысты» деп айыпталып отырған алты адамның бірі Нұрбек Ғабдуловтың анасы Гүлжиян Ғабдулова баласын «жәндікті де өлтіруге қимайтын адам» деп сипаттайды.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылында жергілікті мектеп әкімшілігі мен бірнеше ата-ана арасында дау туды. Мектеп басшылығы сабаққа орамал тағып келген үш қыздан «хиджабтарын шешуді» талап еткен.
Өзбекстанның білім министрлігі студенттерді интернетті байқап пайдалануға, арнайы бір уақытта суға шомылып, шуламай ас ішуге міндеттейтін жаңа ереже шығарды.
Тағы