Алматы облысында мал өсіретін шаруа жайылым тапшылығына шағынады. Жайылым туралы заң жобасында олқылықтар ескерілген дейді депутат.
«Жер комиссиясында» шетелдіктерге жалға жер берумен қоса қамаудағы белсенділердің жайы да сөз болды. Бірақ «қудалауды тоқтату» жайлы үндеу қабылдау ұсынысын комиссия елеусіз қалдырды.
AzattyqLIVE хабарында «Жер кодексі» төңірегіндегі даудың қалай жалғасып жатқаны талқыланды. Хабарға бұрынғы ауыл шаруашылық министрі, саясаткер Балташ Тұрсымбаев қатысты.
Жер реформасына қатысты рұқсат етілмеген жиын өткізуге шақырды деген айыппен 15 тәулікке қамалғандар саны 30-ға таяды. Алматыда бір топ белсенді ұсталғандарды қорғау үшін «Араша» ұйымын құрды.
Кешеден бері мыңдаған шымкенттік мемлекет есебінен тегін жер телімін алу үшін қалалық әкімдікке өтініш тапсырды. Биліктің дерегінше, ол қалада 70 мыңға жуық адам жерге мұқтаж.
Павлодар облысында тұратын фермер былтырдан бері баптаған жерін пайдалану құқығын қайтарып алуға тырысып жүр. Ол жеңген аукцион заңсыз деп танылған. Жергілікті билік жерді беру процедураларын рәсімдеу кезінде қате кеткенін мойындағанымен, фермердің шығынын кім өтейтінін білмейді.
Жерді үлестіріп беруге ашық қарсы болғандардың бірі – халық арасынан шыққан, үкіметті сынаудан қорықпайтын бард ақын Жанат Есентаев.
Мамырдың 21-і күні қандай оқиға болды, "жер реформасы" себебінен туған қоғам мен билік арасындағы келіспеушілік қалай шешіледі? AzattyqLIVE студиясында бұл сауалдарға саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева орыс тілінде жауап берді.
Қазақстан белгісіз аумаққа кірді, бірақ жол екіге бөлініп тұр. Бір жол маңызды және шынайы әлеуметтік әрі ішкі саяси реформаларға бастайды, ал екіншісі авторитарлық билікті сақтайды.
Атырауда "рұқсат етілмеген митингіге шақырды" деген айыппен қамалған белсенділердің үйлерін тінтіп жатыр. Ал бас прокуратура рұқсат етілмеген акцияға шыққан азаматтарды жауапкершілікке тартатынын ескертті.
Қазақстанда жер мәселесіне байланысты белсенділер мен қарапайым азаматтарды қамау кейінгі екі-үш күнде күрт жиіледі. Астана мен аймақтарда полиция ұстаған, сот 15 тәулікке дейін абақтыға жапқан азаматтар 20-дан асты.
Жер реформасына қатысты бүкілқазақстандық митинг өтеді деген ақпарат тарағалы Астана мен аймақтарда полиция азаматтарды ұстауын жиілетті. Кей белсенділерге қылмыстық іс қозғалды. Он шақты адам 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамалды.
Тағы