Сәуірдің 28-і күні жер мәселесіне қатысты жиын өткізбек болған бір топ ақтаулық өздерін полиция жауаптап жатқанын хабарлады.
Аймақтық және республикалық БАҚ-тың көбі жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы Ақтөбе мен Семейде өткен митингілерді айтпауды жөн көрген.
Ақтөбе мен Семей қалаларының орталығында жерге қатысты митингілер өтіп жатыр.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесін спекуляцияға айналдырған арандатушылар әшкереленіп, жазалануы тиіс" деп мәлімдеді.
Атырауда өткен жер туралы митинг ұйымдастырушыларын биліктің жауапқа тарту қаупі әлі сейілген жоқ. Сенбі күні «WhatsApp арқылы тараған әлдебір мәліметке байланысты белгісіз тұлғалардың үстінен қылмыстық іс қозғалған» болып шықты.
AzattyqLIVE сәуірдің 24-і күні Атырау қаласының орталық алаңында болған митинг жайын талқылады. Хабар сарапшысы қоғамдық белсенді, журналист Жанболат Мамай болды.
Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңа жүздеген адам жиналды. Олардың «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талабын облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ақордаға жеткізуге уәде етті.
Қазақстандық сайттарда жарияланған «Шетелдіктерге қазақ жерін сатпауға» шақыратын ашық хатқа қол қойды деген кейбір тұлғалар «мәтінмен таныс емес екендерін, бірақ қолдайтындарын» айтады.
Алматы облысы Жамбыл ауданында жайылым жерге талас шықты. Наразылар сөзінше, «жерді әкім-қаралар алып алған». Әкімдік «дауды тексеретін комиссия құрылатынын» айтады.
Кей шаруалар жерді аукционмен сату жайлы Қазақстан үкіметі шешімін мақұл көрсе, енді бірі күмәнмен қарайды. Сарапшылар жер 2003 жылдан бері сатылып жатса да, «нәтижесі шамалы болғанын» айтады.
Оңтүстіктегі Алтынтөбе ауылдық округі тұрғындары «жер даулап әкімдікке барғалы полиция келіп, тәртіпті күшейтті» дейді. Ал билік «аукционға бос жатқан жерлер ғана шығарылатынын» айтады.
Үкіметтік емес 17 ұйым Астанада «азаматтардың әлеуметтік құқықтарын бірігіп қорғау» үшін ортақ меморандумға қол қойды. Баспанаға қол жеткізе алмай жүрген үлескерлердің кейбірі бұл бастамаға күдікпен қарайды.
Тағы