Жерді үлестіріп беруге ашық қарсы болғандардың бірі – халық арасынан шыққан, үкіметті сынаудан қорықпайтын бард ақын Жанат Есентаев.
Мамырдың 21-і күні қандай оқиға болды, "жер реформасы" себебінен туған қоғам мен билік арасындағы келіспеушілік қалай шешіледі? AzattyqLIVE студиясында бұл сауалдарға саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева орыс тілінде жауап берді.
Қазақстан белгісіз аумаққа кірді, бірақ жол екіге бөлініп тұр. Бір жол маңызды және шынайы әлеуметтік әрі ішкі саяси реформаларға бастайды, ал екіншісі авторитарлық билікті сақтайды.
Атырауда "рұқсат етілмеген митингіге шақырды" деген айыппен қамалған белсенділердің үйлерін тінтіп жатыр. Ал бас прокуратура рұқсат етілмеген акцияға шыққан азаматтарды жауапкершілікке тартатынын ескертті.
Қазақстанда жер мәселесіне байланысты белсенділер мен қарапайым азаматтарды қамау кейінгі екі-үш күнде күрт жиіледі. Астана мен аймақтарда полиция ұстаған, сот 15 тәулікке дейін абақтыға жапқан азаматтар 20-дан асты.
Жер реформасына қатысты бүкілқазақстандық митинг өтеді деген ақпарат тарағалы Астана мен аймақтарда полиция азаматтарды ұстауын жиілетті. Кей белсенділерге қылмыстық іс қозғалды. Он шақты адам 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамалды.
Қазақстанда белсенділерді жаппай полицияға шақырып, кейбірін 15 тәулікке қамауға не себеп болды? AzattyqLIVE орыс тілінде өткен хабарында бұл туралы құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаевпен талқылады.
Бүкілқазақстандық митинг өтеді деген ақпарат тарағалы Қазақстан астанасы мен аймақтарында құқық қорғау органдары азаматтарды ұстап, үйлері мен кейбір қоғамдық ұйым кеңсесінде тінту жүргізіп жатыр. Ал сарапшы полицейлердің әрекетін «сотқа беруге болатынын» айтады.
AzattyqLIVE хабарында Қазақстанда құрылған жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысының нәтижелері талқыланды. Хабар сарапшысы - осы комиссияның мүшесі, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім.
Ресейдегі қазақ диаспорасы өкілдері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хатында жер дауын қоғам пікірін ескере отырып реттеуді сұрайды. Олар Қазақстанды дүрбелеңнен сақтау үшін жұрт көңіліндегі күмәнді сейілту қажет екенін айтады.
Үкімет жанынан құрылған «жер комиссиясының» алғашқы отырысы жеті сағатқа жалғасып, алпыстай адам сөйледі. Жиын барысында кейбір парламент депутаттары мен азаматтық белсенділер дауласып қалды.
Алматы облысы Ақсу ауданы Көшкентал ауылының тұрғындары 120 гектар жердің егістік мақсатында игерілуіне наразы. Олар «бос жатқан» жерді жайылымға айналдыруды талап етеді. Билік өкілдері жер жыртуды тоқтатуға мәжбүр болған.
Тағы