Accessibility links

AzattyqLIVE: Жер дауы қалай жалғасып жатыр?


Жер дауына байланысты бейбіт шеруге шықпақшы болған азаматтарды полиция ұстап жатқын сәт. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл.
Жер дауына байланысты бейбіт шеруге шықпақшы болған азаматтарды полиция ұстап жатқын сәт. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында «Жер кодексі» төңірегіндегі даудың қалай жалғасып жатқаны талқыланды. Хабарға бұрынғы ауыл шаруашылық министрі, саясаткер Балташ Тұрсымбаев қатысты.

Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысымен қатар, соңғы күндері Астана, Шымкент, Алматы қалаларында тұрғын үй салуға жер сұраған ондаған адамдардың кезегі пайда болды. Олар жергілікті әкімдіктерге барып, арыздарын өткізді.

Оқи отырыңыз: Әкім жер сұраған тұрғындарды «сабырлы болуға» шақырып қайтарды

Президент мораторий жариялаған «Жер кодексіндегі» ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншік пен жалға беруді қарастыратын төрт баптың айналасындағы даумен қатар, бүгінде тұрғын үй салуға жер сұрау жиілеп тұр. Бұл мәселенің шешімі бар ма? Қала маңындағы ауыл шаруашылығына, өзге де мақсаттарға арналған жерлердің тұрғындарға берілуі қалай реттелуі керек? Ауыл төңірегіндегі жайылымдық және шабындық жерлердің жеке қолға - жалға не меншікке берілуі қалай қарастырылған? Оның шешімі қандай?

Осы мәселені талқылаған хабарға бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, саясаткер Балташ Тұрсымбаев қатысты.

Балташ Тұрсымбаев: Жер кодексін қайта қарау керек
please wait

No media source currently available

0:00 0:30:41 0:00

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

XS
SM
MD
LG