Осы айда Қытай президенті Си Цзиньпин Орталық Азия елдеріне мемлекеттік сапармен барады. Өзбекстандағы саммитте оның Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетіні хабарланды. Си Цзиньпин коронавирус пандемиясы басталғалы алғаш рет шетелге мемлекеттік сапар жасағалы тұр.
Қытай Мәскеудің Украинадағы соғыстан босамай жатқанын пайдаланып, Ресейдің дәстүрлі ықпал аймағы саналатын Орталық Азияда үстемдігін орната ала ма? Азаттық бұл туралы Лондондағы Қорғаныс зерттеулері біріккен корольдік институтының зерттеушісі Рафаэлло Пантуччимен сөйлесті.
Он жылға жуық уақыт бұрын Қытай "Бір белдеу – бір жол" жобасын іске қосып, көптеген елге миллиардтаған доллар несие берді. Экономикалық қысым күшейген тұста Қырғызстан мен Пәкістан секілді елдер қарызын қайтаруға қиналып жатыр. Ал Шри-Ланкада төңкеріс болды.
Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері Мария Шагина Азаттыққа берген сұхбатында Қытай Ресейден неліктен мұнай алып жүргенін, қандай салаларда жәрдемдесуі мүмкін екенін және БРИКС саммитінің мақсаты қандай екенін айтты.
Қытай мен Ресей "шексіз әріптестік" жайлы ресми мәлімдеме жасағанына қарамастан, Украинадағы соғыс екі елдің әріптестігіне сызат түсіргенге ұқсайды.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Қытайға барды. Бірақ белсенділер мен Батыс елдері оны Пекиннің Шыңжаңдағы ұйғырлар мен басқа да мұсылмандарға жасап жатқан қылмысын заңдастыруы үшін "көзбояу сапарына" қатысқалы жатыр деп сынға алды.
Украинадағы соғыс басталғанда Мәскеуді қолдайтынын ашық білдірмеген Пекин енді шиеленістің негізгі себепшісі НАТО екенін айтып, оны жиі сынауға көшті. Сарапшылар Қытай әскери одақтың шығысқа қарай бет бұра бастағанынан қауіптеніп, НАТО мен АҚШ-тың Азияға ықпалына тосқауыл қойғысы келетінін айтады.
Украинадағы соғыс басталғалы Қытай Ресейді қолдайтынын ашық білдірмесе де, елдегі мемлекеттік баспасөз құралдары Кремльдің сөзін сөйлеген еді. Сарапшылар енді Қытай пропагандасы Украинаның да көзқарасын қамти бастағанын, бірақ көбіне АҚШ-қа қарсы бағытталғанын айтады.
Раффаэлло Пантуччи мен Александрос Петерсеннің "Синостан" кітабы жарық көрді. Онда авторлар Қытайдың Орталық Азияға ықпалын зерттеген.
Қытайдың Шыңжаң аймағында қазақ жастары арасынан шыққан әнші, сазгер Ғарапа Насиоллаұлын полиция алып кеткелі сегіз ай болды. Туыстары оның қазір нақты қай жерде екенін және қандай айыппен ұсталғанын білмейді.
Тағы