Қытай компартиясының бас газеті "Жэньминь жибаоның" онлайн нұсқасы 12 шет тілінде хабар тарата бастады, солардың бірі – қазақ тілі. Сарапшылардың кейбірі мұны қазақ тілі өрісінің кеңейгені десе, енді бірі Қытайдың Қазақстанға мәдени, ақпараттық ықпалын күшейтуді көздейтін "жұмсақ күші" деп санайды.