Вашингтонның ескертуіне қарамастан, Пекиннің Гонконгте қауіпсіздікке қатысты шектеулер енгізу ниеті онсыз да оңып тұрмаған АҚШ-Қытай қатынасына жаңа сызат түсірді.
24 мамырда Гонконгте мыңдаған адам Қытайдың ұлттық қауіпсіздік туралы заңын қабылдау туралы жоспарына қарсылық білдіріп, көшеге шықты.
АҚШ Шыңжаңда "ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылман топтарға қысым жасағаны үшін" Қытайдың ондаған компаниясы мен ұйымына санкция салды.
Қытай Гонконгтің ішкі қауіпсіздігін бақылайтын заң қабылдамақ. Пекиннің бұл жоспарына Гонконг белсенділері наразы.
Қазақстанда Қытайдың Шыңжаңдағы саясаты салдарынан жақынынан ажырап, әлі табыса алмай отырғандар бар. Қытай қазақтарының мәселесін көтеріп жүрген Қазақстандағы ұйымдар лагерьге қамалған қазақтардың біразы босап шыққанымен тәркіленген төлқұжатын ала алмай отырғанын айтады.
Қытай билігі елде жабайы жануарлардың етін сататын базарлар барын жоққа шығарды. Бірақ Уханьда жаңа коронавирустың таралу ошағы деп танылған осындай базарлардың бірі жақында қайта ашылып, жұмысын бастады.
Коронавирус пандемиясы әлемді жайлап жатқан тұста Пекин ең озық заманауи технологиядағы үстемдікке ұмтыла бастады. Қазір Қытай арзан келісімшарт кездесе ме деп Еуропа одағына көз тігіп отыр.
Қазақстан Қытайдың Sohu.com сайтында жарияланған “Қазақстан неге Қытайға оралуды қалайды?” деген мақалаға қатысты Пекинге наразылық нотасын жолдады. Біраз уақыттан кейін сайтта мақала ашылмай қалды. Қарсылық нотасына себеп болған мақалада не жазылған еді? Мақаланы басқан Sohu.com қандай сайт?
Коронавирус дерті басталған елде аурудың екінші толқыны жүруі мүмкін деген үрейлі, бірақ болжамды растайтын белгілер байқалады, ал Азия елдері әлемдік пандемияға қарсы күресте алаңдататын тенденциялардан секем алып отыр.
Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің Twitter желісіндегі ресми аккаунты тіркелгеннен бастап жұмыстары жайлы есеп жазбалардан бөлек, эмоцияға толы посттар да жариялап келеді. Жазбаларды сынағандарды елшілік бұғаттап тастайды.
Қытайда коронавирусқа қарсы үш айға созылған күрестің алғашқы нәтижесі наурыздың 18-і күні байқалды. Осы күні елдің ішінде вирус жұқтырған адам тіркелмеді. Қытайдың вирусты тоқтату үшін жасаған шаралары шынымен тиімді болды ма?
2017-2018 жылдары Қытайдың Шыңжаң өлкесінде саяси тәрбиелеу лагерінде болған этникалық қазақтар лагерьден кейін де мәжбүрлі түрде жұмыс жегілгендерін айтады. Олардың кейбірі "киім тіксе", екіншісі "киімдерді үтіктеумен" айналысқан.
Тағы