Қытайдың этникалық қазағы Гүлзира Әуелханқызы Азаттыққа Шыңжаңдағы "саяси тәрбиелеу лагеріне" қалай түскенін айтып берді. Ол "лагерьде" қандай қиындық көргенін, фабрикада еркінен тыс жұмыс істегеннен кейін Қазақстанда қалған отбасына қалай оралғанын баяндады.
Қытайда белгісіз вирустан екі апта ішінде, ресми дерек бойынша, 17 адам көз жұмды. Инфекция ошағы – 11 миллионнан аса тұрғыны бар Ухань қаласы жабылды. Уханьда қалған қазақстандық студенттер Азаттыққа қаладағы жағдай туралы айтып берді.
Қазақстан президентінің Сочиде айтқан Ресейдің Орталық Азиядағы орны туралы пікірін елдегі ресми баспасөз жарияламады. Сарапшылардың кейбірі Тоқаевтың айтқандарын Қытайға сапардан кейінгі ақталу ретінде бағаласа, кейбірі дипломатиялық ілтипатпен байланыстырады.
Әлемнің 24 елінің 65 қаласында өткен Гонконгтегі наразыларды қолдау акциясына Нұр-Сұлтан мен Алматы да қосылды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинге сапарында Қытай басшысымен "мәңгілік стратегиялық серіктестік" мәлімдемесіне қол қойғанын хабарласа, президенттің ресми сайты "ұзақ мерзімді серіктестік" жайлы хабар таратты.
Тамыздың 30-ы күні Қытайда коммунистік партияның тапсырмасымен әзірленген ірі деректі фильм жарық көрді.
Осыдан бірер күн бұрын 37 елдің БҰҰ-дағы елшілері осы ұйымның Адам құқығы жөніндегі кеңесіне хат жазып, Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын қолдайтынын мәлімдеді.
Ресейлік зерттеуші журналист, "Медуза" интернет басылымының тілшісі Иван Голунов өзіне тағылған "есірткі дайындаған" деген айыпты мойындамайды. Әріптестері журналистің ісін кәсіби қызметімен байланыстырады.
Қытайдың Тяньаньмэнь алаңында болған наразылықтың 30 жылдығы қарсаңында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Пекин адам құқығын бұзуды әлі жалғастырып жатыр деп сынады. Помпео мәлімдемесіне Қытайдың АҚШ-тағы елшілігі жауап беріп, оның сөзін жоққа шығарды.
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинде өтетін "Бір белдеу - бір жол" форумына "құрметті қонақ" ретінде қатысады. Бұл сапарында ол Қытай жетекшісі Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізбек.
Қытайда туып-өскен бірнеше этникалық қазақ студент екі жылдан бері Түркияда бас сауғалап жүр. Қазақстан сыртқы істер министрлігі оларға виза беруден бас тартқан.
Қытай сыртқы істер министрі Пекиннің Шыңжаң аймағындағы "радикалдармен күрес" деп атаған даулы бағдарламасын қолдағаны үшін Қазақстанға алғыс айтып, басқа елдерді де Қытайдан үлгі алуға шақырды.
Тағы