АҚШ ғалымдары жаңа зерттеуінде Орталық Азияда наразылықтың күшейгенін айтады. Бұған басты себеп – коронавирус пандемиясының өршуі және Қытай ықпалының артуы.
"Императордың жаңа жолы" деп аталған жаңа кітап Пекиннің "Бір белдеу – бір жол" жобасы жергілікті жерде нақты қалай жүзеге асып жатқанын саралайды. Америкалық сарапшы Джонатан Хиллман бұл жоба кей ел үкіметтерінің оң жамбасына келгенін, ал кей халықтың Қытайдан секемденуіне түрткі болғанын жазады.
Қытайдың солтүстігінде тұратын этникалық моңғолдар Пекиннің моңғол тілін мектеп бағдарламасынан алып тастау жоспарына қарсы шықты.
Қытайдың алып экономикасы пандемияның ауыр зардабын артқа тастап, қайта бас көтергенде, Орталық Азияның әлжуаз елдері барған сайын күшейіп бара жатқан Пекинге экономикалық және саяси тұрғыдан кіріптар болып қалуы ықтимал.
АҚШ TikTok әлеуметтік желісі жұрттың деректерін "Қытай биілігімен бөліседі" деп сезіктенеді. TikTok оны терістейді. Қазақстан бұл желіге қарсы шыға ала ма?
Гонконгтан АҚШ-қа қашқан қытай ғалымы, вирусолог дәрігер Янь Лимэн Қытай басшылығын коронавирустың жаңа түрінің таралуы туралы ақпаратты жасырды деп айыптады.
Қытайдың солтүстік-шығысындағы ахуал жайлы жарияланған жаңа баяндамада биліктің Шыңжаң өлкесінің байырғы тұрғындары – ұйғырлар, қазақтар мен өзге де ұлттардың санын азайтуды көздейтін ауқымды науқаны туралы айтылған.
17 маусым күні АҚШ президенті Дональд Трамп Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым жасаған Қытай шенеуніктерге санкция салатын заңға қол қойды.
15 маусымда Үндістан билігі елдің 20 солдаты шекарада Қытай әскерилерінің қолынан қаза тапқанын мәлімдеді. Пекин өз тарапынан қайтыс болғандар жайлы еш дерек айтпады.
Қытай мен әлем елдерінің арасындағы дипломатиялық даулар қандай?
Тағы