"Ресей мен Қытай әлсіресе, Орталық Азияның әрекет еркіндігі артады" дейді Стэнфорд университетінің профессоры, философ, 1992 жылы шыққан әйгілі "Тарихтың ақыры және соңғы адам" кітабының авторы Фрэнсис Фукуяма.
Кейінгі Ресейде доллар бағамы 100 рубльге дейін шарықтап кетті. Елдің Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені көтеріп, жағдайды реттегендей болды. Бірақ рубльдің әлсіздігі ұзақмерзімде Ресеймен тығыз экономикалық байланыстағы Орталық Азия мемлекеттеріне қышқыл тиетіні қазірден көрініп отыр.
Владимир Путин неге өзін патша тәрізді ұстауға тырысады? Ресейдің Украинаға басқыншылығының астарында Путиннің жаңсақ аңыздың жетегіне еріп, славян халықтарын "біріктіруді" көксеуі жатыр ма? Оксфорд университетінде істейтін ресейлік тарихшы Андрей Зориннің Азаттыққа сұхбатын оқыңыз.
Екі генерал, Владимир Путиннің президенттігін шайқалтқан олигарх – Ресейде Евгений Пригожиннің "бүлігінен" кейін билік басына жақын адамдар көпшіліктің назарынан ғайып болып жатыр. Бұл Путин уәде еткен тазарту басталды ма деген сауал тудырды.
Тағы