Екі генерал, Владимир Путиннің президенттігін шайқалтқан олигарх – Ресейде Евгений Пригожиннің "бүлігінен" кейін билік басына жақын адамдар көпшіліктің назарынан ғайып болып жатыр. Бұл Путин уәде еткен тазарту басталды ма деген сауал тудырды.
Ресейде түсірілген бұл фотосуреттерден 24 маусымда болған дүрбелеңді еске салатынның барлығын жойып, оны тезірек ұмытуға тырысу байқалатындай.
Ресейде 20 жылдан астам уақыт мемлекетті басқарып отырған президент Владимир Путиннің билігіне аса үлкен қауіп төндіріп, азамат соғысы жақындағандай әсер қалдырған, қол астындағы жалдамалы әскерін бастап Мәскеуге жорыққа аттанатынын мәлімдеген Евгений Пригожин аяқ астынан райынан қайтып, шегінді.
"Вагнер" жекеменшік әскери тобының жетекшісі Евгений Пригожин өз жауынгерлеріне Ресей қорғаныс министрлігінің күштері "шабуылдағанын" айтып, кек қайтаратынын мәлімдеді. Ресей билігі қарулы бүлікке шақырғаны үшін Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады.
Ресейдің Иркутск және Пермь облыстарында 1930 жылдары атылған Литва және Польша азаматтарына орнатылған ескерткіштерді сүріп тастаған. Бұл ескерткіштер Пивовариха селосы маңында репрессия құрбандары жаппай көмілген жерде тұрған еді. Сталин билігі тұсында бұл жерде НКВД-нің арнайы аймағы болған.
Ресейдің зерттеуші журналисі Роман Анин Кремль билеушісі Владимир Путин тарихта өзі қалағандай I Петр мен Ұлы Екатеринаның емес, Гитлер мен Каддафидің қатарында тұрады дейді. Журналистің пікірінше, Ресей президентінің тағы үшін талас әлдеқашан басталып кеткен.
Ресейде еңбек мигранттарына рейд жиіледі. Полиция олар тұратын елді мекендерді аралап, көзге түскен мигранттарды ұстап, учаскелерге апарады. Осындай жағдай Санкт-Петербург қаласында да болды. Полиция мигранттардың кейбірін ұстау кезінде соққыға жыққан.
Владимир Кара-Мурза – Ресей оппозиционері, Владимир Путиннің ашық қарсыласы. Ол 2015 жылы қастандықтан өлген саясаткер Борис Немцовпен бірге АҚШ Конгресін Ресейдің адам құқықтарын бұзушы, жемқор шенеуніктеріне санкция салуға мүмкіндік беретін заң қабылдауға көндірді.
Тағы